Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 16 желтоқсан 2018 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 19.10.2018Қаралғаны: 254 рет
ЭЛЕКТРОНДЫ САУДА АЛАҢЫ – ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛДЫ

 

Мемлекет басшысы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында перспективалық сала – электронды сауданы жүзеге асыруға назар аударды.

   Көрсетілген саланы дамыту Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің жұмыс бағыттарының бірі болып табылады. Электронды сауда жасаушылардың санын арттыру арқылы жеті мәселенің шешімін табуға болады:

- қолма-қол ақшасыз есеп айырысу көлемін ұлғайту;

- электронды саудадағы төлем жүйесін дамыту;

    -  электронды сауда жүргізу арқылы халықтың, кәсіпкерлердің сандық және қаржылық сауаттылығын арттыру;

    -     электронды сауда нарығын көбейту;

    -     логистика инфрақұрылымын дамыту;

    -     көлеңкелі бизнес айналымын қысқарту;

    -     жаңа жұмыс орындарын ашу.  

          Тауарды электронды түрде, яғни интернет-дүкен арқылы сатушыларға 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап электронды сауда саласында алынған табыстардың корпоративтік табыс салығы және жеке табыс салығы мөлшерлемесін 0%-ға дейін 2023 жылғы мерзімге азайту бойынша жеңілдіктер көзделген.        

          Электронды сауда субъектілері осы жеңілдіктерді алу үшін мынадай шарттарды сақтауы тиіс:

         – тауарларды сату бойынша мәмілелерді тіркеу электронды түрде жүзеге асырылады;

         – тауарларға ақы төлеу қолма-қол төлемсіз жүзеге асырылады;

         – сатып алушының  өз тауар жеткізу қызметінің болуы немесе жүк тасымалдау қызметімен, курьерлікпен және пошта қызметімен айналысатын тұлғалармен шарттарының болуы.                                                                                                        

          Тауарлардың электронды саудасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қоюға жатады.

          Электронды сауданың артықшылығы – тауарды жеткізуге, көлік тасымалына шығындарды қысқартады, орта және шағын бизнесті дамытудың жеңіл жолдарын ұсынады. Қолайлылығы сонда – кәсіпкер үшін де, тұтынушы үшін де қызметтің толық кешені бір алаңда көрсетіледі, яғни тауар мен сатушы, төлем әдісі, тауарды алу әдістері туралы ақпаратты алу, сапаны бақылау және кері байланысқа берілген мүмкіндік ортақ.

    Электронды сауданы дамытудың бірнеше тиімділігі бар. Интернет-дүкендер, электронды сауда алаңдары неғұрлым көбірек ашылса, соғұрлым тікелей-тапсырыстар саны артып ол өз кезегінде қолма-қол ақшасыз есеп айырысу көлемін ұлғайтады және халықтың белгілі бір бөлігін өзін-өзі жұмыспен қамту мәселесін шешеді.  

 

Ж. Бабасов,

Қызылорда облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаментінің  

бөлім басшысы  

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея