Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 23 қазан 2018 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 02.10.2018Қаралғаны: 286 рет
ҚЫЗЫЛОРДАДА «ӨЗ ҮЙІМ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 350 ПӘТЕР БЕРІЛМЕК

Жаңа үйлер Қызылорда қаласында, Сырдарияның сол жағалауында салынып жатыр. Қаланың бас жоспарына сәйкес, құрылыс орны алдағы бірнеше жылда заманауи ауданға айналады. Мұнда қолайлы тұрғын үйлерден бөлек спорт кешендері, білім беру мекемелері, жаңа цирк, ботаникалық бақ және басқа да көптеген нысандар бой көтереді.

Қала әкімшілігі бұл жерге 38 көп пәтерлі үй салуды жоспарлап отыр және олардың алтауы осы жылы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларына берілмек.

Тұрғын үйлердің 1 шаршы метрі 120 000 теңгені құрайды.

-Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі  «Өз үйім» бағдарламасын 3 жыл бұрын мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларына қолдау көрсету мақсатында бастаған болатын. Қызылорда бұл жоба іске асырыла бастаған алғашқы қала болды және қазіргі уақытта біз осы бағыттағы жұмысты белсенді түрде жалғастырып келеміз. Банк салымшыларын қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуде бізге жергілікті әкімшілік қызметкерлері мен құрылыс салушылар жәрдем беруде. 2018 жыл қорытындысы бойынша біз өз клиенттерімізге таза әрлеудегі 350 пәтерді ұсынуға дайынбыз. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің кез-келген клиенті «Өз үйім» бағдарламасына қатысып, аталған тұрғын үйге ие бола алады. Мұнда үміткердің атында тұрғын үй болуына қатысты шектеу-талаптар жоқ, - деп түсіндіріп өтті Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің Қызылорда облыстық филиалы директорының орынбасары Ілияс Жұрынов.

Пәтерлерді сатып алу үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттерінің есепшотында тұрғын үй құнының кем дегенде 20%-ы болуы тиіс. «Өз үйім» бағдарламасына қатысудың басты талабы да осы. Кейін банк жылдық 7% мөлшерлеме бойынша жеңілдетілген заем бере отырып, қолжетімді баспананы сатып алуға көмектеседі. Сонымен бірге қарыз алушы тағы бір маңызды басымдыққа ие болады. Бірнеше жылдан кейін несие мерзіміне байланысты клиент бұдан да төмен жылдық 5% мөлшерлемеге ауыса алады.

Мысалы, құны 6 960 000 теңге болатын екі бөлмелі пәтерді сатып алу кезінде, алғашқы 8 жылда заем бойынша ай сайынғы төлем 58 696 теңгені құрайды, ал кейін ол 43 028 теңгеге дейін  төмендейді. Жалпы несие беру мерзімі – 14  жыл (168 ай).

350 пәтерге «Өз үйім» бағдарламасы бойынша өтініштер қабылдаудың басталу уақытын банк клиенттері baspana.kz порталынан біле алады. Мұнда тек банк жаңалықтарынан хабардар болып қана қоймай, сонымен бірге өзіңізге ұнаған нысанды, ондағы пәтерді таңдап және өтініш қалдыра аласыз.

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея