Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 23 қазан 2018 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 02.10.2018Қаралғаны: 134 рет
ҮШ ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Индустрияландыру бағдарламасы аясында «Арал Тұз» ас және техникалық тұз өндіретін екі испан цехын іске қосты. Бұл өз кезегінде еңбек өнімділігін екі есеге арттыруға, 1200-ден астам адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтуға және қызметкерлердің еңбекақысын 60% -ке ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, облыс аумағында «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінде ұсынылған 7 технологияны енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» «Смард Грид» таза өндіріс технологиясын енгізу мақсатында «Siemens» өкілдігімен 2018 жылдың ақпан айында меморандумға қол қойылған. Сонымен қатар, «Хора- сан» серіктестігі финдық «ПоларСол» (PolarSol) компаниясының «Жылуды интеллектуалды басқару жүйесі» технологиясын сатып алу үшін тиісті келісім жобасы әзірленіп, екі жақ тараппен қарастырылуда,–дейді облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Жанар Берденова.

Биылғы жылдың соңына дейін бәсекеге қабілетті, өнімі экспортқа бағытталған үш жоба іске қосылады. Дәлірек айтсақ, шыны зауыты мен цемент зауытының құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Одан өзге Арал ауданында балықты терең өңдейтін өндіріс орны өз жұмысын бастайды. Ал келер жылы өңірлік индустрияландыру картасының аясында қуаттылығы жылына 300 тонна ас тұзын өндіретін «БСК Қаратау» ЖШС кәсіпорнын, Қармақшы ауданындағы жылына 1500 тонна өнім өндіретін құс фабрикасын іске қосу, «Шалқия» кен байыту комбинаты құрылысын одан әрі дамыту жобалары жүзеге асырылады. Бұл жобалардың игілігі – өңірде өндіріс өркендеп, жаңа жұмыс орындары ашылады.

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея