Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 23 қазан 2018 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 28.09.2018Қаралғаны: 191 рет
ҚЫЗЫЛОРДАДА СЫРДАРИЯНЫҢ СОЛ ЖАҒАЛАУЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ НЫСАННЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

Қызылорданың 200 жылдық мерейтойы қарсаңында қаланың сол жағалауындағы жаңа нысан – «Рухани жаңғыру» орталығы мен қалалық мұражай ғимаратының ашылу салтанаты өтті. Нысан 1925 жылы ұлтқа «қазақ» атауын қайтарып беру туралы тарихи шешім қабылданған  Қазақ Орталық Атқару комитеті ғимаратының сызба-нұсқасы негізінде салынған.

Бүгін ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова мен облыс әкімі Қырымбек Көшербаев және бірқатар қоғам қайраткерлерінің  қатысуымен  Қызылорданың 200 жылдық мерейтойы аясында сол жағалаудағы «Рухани жаңғыру» орталығының ашылу салтанаты өтті.

Гүлшара Әбдіхалықова қызылордалықтарды қала күні мерекесімен құттықтап, аймақтың әлеуметік-мәдени дамуындағы жетістіктерін атап өтті.

«Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан бойынша ауқымды «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жүзеге асуда. Соның ішінде Қызылорда облысында ескерткіштер салынып, тарихи жерлерді  қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Бүгін біз тек архитектуралық ескерткіштің жай көшірмесі ғана емес, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында шаралар өткізілетін маңызды мәдени нысанның ашылуына қатысып отырмыз», - деді Гүлшара Әбдіқалықова.

 Аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев жиналған көпшілікті Қызылорда қаласының мерейтойы және орталықтың ашылу салтанатымен құттықтады

«Биыл біз Астана мен Қызылорда қаласының мерейтойын атап өтудеміз. 20 жыл бұрын Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Тәуелсіз Қазақстанның Елордасын Астана қаласына көшіру туралы стратегиялық шешім қабылдап, сол арқылы жасампаз мемлекетіміздің тұтастығын қамтамасыз етті.

Қызылорда – Жанкент, Шірік-Рабат, Сығанақ сынды ежелгі астаналардың және Ақ Орда мен Алтын Орда сияқты хан ордаларының аумағы, Кеңес Одағы кезінде Қазақ Республикасының астанасы, сондай-ақ, ағарту, саяси және өнеркәсіптік даму орталығы болды. Ұлтымыздың ресми «қазақ» аталуы туралы шешім де осы киелі мекенде қабылданды. Биыл Елордамыз Астананың 20 жылдық және Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойларын қатар атап өтудеміз. Бұл Қазақстанның алғашқы және қазіргі астаналары арасындағы ерекше рухани байланысты аңғартады деп ойлаймын. Біз ұлттық құндылықтарымызды сақтап әрі жаңғыртуымыз керек»,- деді аймақ басшысы.

 Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылы Сырдарияның сол жағалауында жаңа қаланың құрылысы басталған болатын. Қазіргі таңда жеке инвестициялардың қаржысы есебінен 18 көпқабатты тұрғын үйдің, «Болашақ» университеті кампусының және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде 320 орындық балабақшаның, мемлекет қаржысы есебінен Жастарға қызмет көрсету орталығы мен қажетті инфрақұрылымдардың құрылысы  жүргізілуде. 2019-2020 жылдары сол жағалауда бірқатар көпқабатты үйлер, мектептер, облыстық көпсалалы аурухана, неке қию сарайы, балабақша, физика-математикалық мектеп жатақханасымен бірге, сауда-ойын сауық кешенін салу жоспарланып отыр.

Айта кетейік, іссапар барысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Ә.Тәжібаев атындағы кітапхана жанынан ашылған ІТ-паркі, Н.Назарбаев зияткерлік мектебі, «Рухани жаңғыру» орталығы, «Достық үйі» мен өнер Арбатының жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ, Қызылорданың 200 жылдығына орай ұйымдастырылған салтанатты шаралар: «Қауын-Қарбыз», «Қымыз-Шұбат» және «Бауырсақ» фестивальдеріне қатысты.

Бұған қоса, бүгін кешке Гүлшара Әбдіхалықова Н.Бекежанов атындағы драма театрындағы салтанатты шара мен орталық алаңдағы гала-концертке қатысады.

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея