Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 16 желтоқсан 2018 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 28.09.2018Қаралғаны: 151 рет
«ҚАЛА КҮНІ» МЕРЕКЕСІ «ЭТНОАУЫЛ» ФЕСТИВАЛІМЕН ЖАЛҒАСТЫ

Бүгін жылдағы дәстүрге сәйкес «Қала күні» мерекесі ақ мол болсын, халықтың несібесі артсын деген ниетпен «Қымыз-шұбат», «Қауын-қарбыз» және «Этноауыл» фестивалімен жалғасты.

Шараға Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова, облыс әкімі Қырымбек Көшербаев және қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев арнайы қатысып, барша қала тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтады.

Шара ұйымдастырылған «Сыр сүлейлері» аллеясында қалаға қарасты кент, ауылдық округтердің қаз-қатар орналасқан қараша үйлерінен этноауыл бой түзесе, арнайы тігілген ақ шатырларда қала мейрамханалары ұлттық дастархан мәзірін және шаруа қожалықтары қауын, қарбыз, қымыз, шұбат, бауырсақтарды қала тұрғындары мен қонақтарына тарту етті.

Атап айтқанда, қалаға қарасты шаруашылық құрылымдары 600 литр қымыз, 600 литр шұбат, 4 тонна қауын, 4 тонна қарбыз, 50 кг қауын қақ, 50 кг қауын құрт әкелсе, қала кәсіпкерлерінің мерекелік тартуы ретінде «Браунис» кондитерлік асханасы, «Salem Village» сауда маркеті, «Шах сарай», «Мақсұт», «Кореана» мейрамханалары түрлі ас мәзірлерін және жеке кәсіпкерлер қаламыздың 200 жылдығына арнап 200 қорап бауырсақ әзірледі.

Барлық өнімдер шара қонақтарына тегін үлестірілді.

Сонымен қатар, асық ату, гір көтеру, қол күрес секілді спорттық сайыстар ұйымдастырылып, мықтылар анықталды.

Шара соңы жергілікті өнерпаздардың концертімен жалғасты.

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея