Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 23 қазан 2018 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 26.09.2018Қаралғаны: 123 рет
«ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮЙЕСІ» ЖОБАСЫ ЕНГІЗІЛДІ

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің басшысы Қайрат Мұхитов мәлімдеді.

– Қазіргі күні облыс орталығында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 272 бейнебақылау камералары орнатылған. Осы бейнебақылау камераларының көмегімен 12 мың әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 50-ден аса қылмыстың беті ашылды. Бұған қоса, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында қосымша 1400 дана бейнебақылау камераларын орнату үшін адрестік бағдарлама бекітілді, - деді департамент басшысы Қ.Мұхитов.

Сонымен қатар, халықаралық тәжірибені қолдана отырып, полиция, жедел жәрдем, өрт сөндіру, төтенше жағдай және коммуналдық қызметтерді біріктіріп, орталықтандырылған «112» кезекші қызметін құру жоспарлануда.

Аталған пилоттық жоба Астана қаласы және Қызылорда облысында жүзеге асырылады.  Жалпы, «112» кезекші қызметін құрудың тиімділігі мол дейді мамандар. Біріншіден, ол орын алған оқиғаларға әрекет етудің мерзімін қысқарту мүмкіншілігін туғызады. Екіншіден, төтенше жағдайларды ескерту, қоғамдық қауіпсіздік деңгейін көтеру, халықтың полицияға сенімін нығайтуға себін тигізеді.  Үшіншіден облыс орталығында жедел басқару орталығы бейнекамераларымен бірге барлық мемлекеттік мекемелерде орналасқан бейнебақылау камераларын бір жүйелендіреді.

Бастысы, сандық технологияларды дамыту аясында «Электрондық қылмыстық іс жүйесі» жобасы енгізіліп, қазіргі уақытта қылмыстық істер электрондық форматта тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Аталған жүйенің тиімділігі сол – ол тергеу жұмыстарының жылдамдығын арттыру, қылмыстық процеске қатысушылардың қылмыстық істердің тергеу барысын электронды түрде бақылап отыруға мүмкіндігі және оның бұрмалануына жол бермеу, қылмыстық істерді тергеу барысында сыбайлас жемқорлық көріністерін жоюға өз ықпалын тигізеді.    

Департамент басшысының айтуынша, нақты кезеңде электронды форматта барлығы 179 қылмыстық іс тергеліп, оның 136-сы сотқа жолданған.

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея