Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 16 желтоқсан 2018 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 26.09.2018Қаралғаны: 136 рет
КЕҢЕСТІҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ

Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық Кеңестің көшпелі отырысы өтті. Онда қаржы органдары саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстардың жағдайы талқыланды.

Кеңес отырысына «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев қатысып, Елбасының биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының 9-шы басым бағыты Сыбайлас жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігіне қатысты екендігін айты. Партияның Саяси Доктринасында жемқорлықпен күрес баршаның мақсаты болып табылатынын назарға салды.

– Еліміздегі сыбайлас жемқорлық қатерлерін төмендетуге, мемлекеттік органдар қызметіне қоғамның сенімін арттыруға бағытталған қоғамдық бақылаудың тетіктерін енгізе отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл жасау мемлекет пен қоғамның негізгі міндеттерінің бірі. Сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне «Нөлдік» төзімділік ахуалын қалыптастыру – «Нұр Отан» партиясының да маңызды бағыттарының бірі ретінде белгіленген. Сондықтан баршамыз Елбасы айтқан маңызды міндеттерді сәтті іске асыру үшін өз үлесімізді қосуға, мемлекет мәртебесін жаңа биікке көтеруге және сыбайлас жемқорлықсыз қазақстандық қоғам құруға барынша қолдау көрсетуіміз қажет,- деді.

Кеңес отырысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Берік Байхожаев, Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Ғанижан Қалиев, облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Муса Қалдарбеков қатысып, салалар бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады.

Соңында түрлі ұсыныстар ортаға салынып, жұмысты жетілдірудегі мақсат-міндеттер нақтылады.

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея