Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 25 қыркүйек 2018 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 13.09.2018Қаралғаны: 123 рет
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР ИГІЛІГІ

Облыс әкімдігі мен облыстық мәслихат, «Нұр Отан» партиясының филиалы мен қоғамдық кеңес және кәсіпкерлер палатасымен 2018-2020 жылдар облысымызда  «Жаппай кәсіпкерлікті дамытудың үш жылдығы» деп жарияланды.

Бұл кезеңде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға басымдылық берілетіні сөзсіз.  Атаулы жылдар Қармақшы ауданының кәсіпкерлігінің дамуына да оң септігін тигізеді.

Жаппай кәсіпкерлікті дамыту үш маңызды мәселені – салық базасының ұлғаюын, жаңа жұмыс орындарының құрылуы, қоғамдық-саяси ахуал тұрақтылығының жақсаруын қамтамасыз ететінін атап өткен жөн.

Жұмыспен қамту кез келген мемлекет үшін қашанда өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Ал азаматтарды жұмыспен қамтудың баламасы ол – кәсіпкерлік.

Кәсіпкерлік саласы бойынша аймағымызда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту динамикасы жаман емес.

Қармақшы ауданы әкімі Сұлтан Мақашовтың айтуыша, ауданда осы жылдың 1 тамызына тіркелген кәсіпкерлік субъектілер саны – 3385 (2017 жылдың 1 тамызына – 3205, өсім – 5,6 пайызға). Оның ішінде жұмыс белсенді жұмыс істеп тұрғандарының саны – 2498. Нақты кезеңде ауылдағы ағайын саланы дамытуға бағытталған түрлі мемлекеттік бағдарламалардың игілігін көруде.

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея