Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 25 қыркүйек 2018 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 03.09.2018Қаралғаны: 149 рет
ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ЗІЛТЕМІРШІЛЕР ҚР ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АТАНДЫ

Илья Ильин, Александр Зайчиков, Рүстем Сыбай, Әсем Садықова және Азамат Төлеген облыс құрамасын жеңіске жеткізді. Ауыр атлетикадан Талдықорғанда өткен ҚР чемпионатында қызылордалық құрама 5 алтын, 2 күміс жəне 1 қола жүлде иеленіп, жалпы командалық есеппен бірінші орынға шықты.

Талдықорғанда ауыр атлетикадан ерлер мен əйелдер арасында  ҚР  чемпионаты өткені белгілі. Дүбірлі додада Қызылорда облысының ерлер құрамасы табысты өнер көрсетіп, 360 ұпаймен командалық есепте 1-орынды жеңіп алды.

Облыс қоржынында – 5 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль.

Қызылордалық Александр Зайчиков (109 кг), Илья Ильин (102 кг), Рүстем Сыбай (96 кг), Әсем Садықова (64 кг), Азамат Төлеген (61 кг салмақ дәрежесінде) чемпионатта алтын медальға ие болды.

Екі жыл бойы жарысқа қатысу құқығынан айырылған Илья Ильин жаңа 102 кг салмақ дәрежесіндегі алғашқы жеңісіне жетіп, тағы да жанкүйерлерін қуантты.

Сондай-ақ, 26 жастағы Александр Зайчиков 109 келі салмақта Қазақстан рекордын жаңартты, ол екі жарыстың қорытындысы бойынша 387 кг көтерді.

Құраманың  нәтижелерін назарларыңызға ұсынамыз.

Чемпионат жеңімпаздары:

61 кг. Азамат Төлеген - 227 (99+128)

64 кг. Əсем Садықова - 228 (101+127)

96 кг. Рүстем Сыбай - 378 (171+207)

102 кг. Илья Ильин - 380 (172+208)

109 кг. Александр Зайчиков - 387 (175+212)

Күміс жүлдегерлер:

67 кг. Бексұлтан Айтбай - 256 (106+150)

102 кг. Əлішер Оразбек - 290 (130+160)

Қола жүлдегерлер:

96 кг. Нұржан Кеңесбек - 326 (142+184)

Жалпы командалық есепте ерлер құрамасы:

1-орын. Қызылорда облысы (360 ұпай)

2-орын. Алматы облысы (243 ұпай)

3-орын. ШҚО (232 ұпай)

Спортшылар қараша айында Ашхабадта өтетін Əлем чемпионатына қатысатын болады.

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея