Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 25 қыркүйек 2018 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 27.08.2018Қаралғаны: 190 рет
ҚЫЗЫЛОРДАДА ЕКІ КҮНДЕ 549 ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

Ағымдағы жылдың тамыз айының 22-24 күндері аралығында «Конституция» күнінің қарсаңында криминогендік ахуалды сейілту, құқық тәртібі мен жол қозғалысы  қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда қылмыстарды ескерту және жолын кесу бағытында облыс көлемінде «Құқық тәртібі» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп, жұмыс барысы күшейтілген жүйеге көшірілді.

Аталған іс-шараға облыс бойынша барлығы 783 полиция қызметкері, 65 Ұлттық Ұлан гвардиясының сарбаздары, 136 қызметтік автокөлік жұмылдырылып, бұрын жасалған 5 қылмыс ашылып, іздеуде жүрген 1 қылмыскер ұсталды.

Іс-шара барысында екі күнде әкімшілік құқық бұзушылыққа жол берген 549 тұлға  жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде, ұсақ бұзақылық (434-б) жасау фактісі – 29, Қоғамдық орындарда спирттік ішімдікті ішу, мас күйінде болу (440-б) – 90, көлік басқарып жылдамдықты асыру (592-б) – 57, жолдың қарсы бағытына шығу – 1, көлік құралын мас күйінде басқару – 7 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

 «Құқық тәртібі» ЖПШ жүргізі барысында қабылдау-тарату орындарына – 7, уақытша бейімдеу және интоксикация орталықтарына – 64 азамат орналастырылды.

Сондай-ақ, ІІО-да тіркелмеген тегіс ұңғылы атыс қаруын заңсыз сақтаудың немесе алып жүрудің 2 дерегі тіркелді.

           Іс-шара жалғасын табуда.

            Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея