Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 15 қараша 2018 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 27.08.2018Қаралғаны: 214 рет
ҚАЙЫРШЫЛАР ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛУДА

Қызылорда ОІІД-нің Жергілікті полиция қызметімен облыс көлеміндегі қоғамдық орындар мен көпшілік қауым шоғырланған жерлерде, нақтыласақ «Ескі базар», «Универсам», автовокзал, теміржол вокзалы, сауда орындарында рейдтік шаралар өткізілуде.

Ұйымдастырылған шараның мақсаты -  қоғамдық орындарда бал ашу, қайыршылық сипатта, яғни мазалап өтініш білдіру деректерін анықтап, ықпал ету.

Жедел профилактикалық іс-шараның екі күнінде учаскелік полиция инспекторларымен сауда және қоғамдық орындарда тиіскені үшін 17 тұлға анықталды. 7 тұлғаға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, қалған азаматтардың жеке басы анықталмағандықтан Қызылорда ҚІІБ–ның қабылдау-тарату орындарына және Көші-қон қызметі басқармасына жеткізілді.

Учаскелік полиция инспекторлары әкімшілік құқық бұзушылық жасап, ұсталған тұлғаларға бір жыл көлемінде қайталап жасаған жағдайда  ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 2-бөлігінде көзделген әкімшілік жаза, яғни қатаң жаза қолданылатындығын ескертті.

Сондай-ақ,  шара барысында 5 жасөсіпірім ұсталып, бейімдеу орталығына  жеткізілді. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілетін болады.

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея