Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 23 қазан 2018 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 08.08.2018Қаралғаны: 302 рет
ҚАЛА ӘКІМІ БІРҚАТАР ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қаладағы құрылыс алаңдары мен бірқатар кәсіпкерлік нысандардың жұмысымен танысты.

Алдымен Тасбөгет кентіндегі балабақшаның құрылысымен танысқан қала әкімі бұл нысанның сапасы мен қолданылып жатқан құрылыс материалдарына баса назар аудару қажеттігін қатаң тапсырды.

140 орындық балабақшаның құрылысына бюджеттен 527 млн. теңге қаржы қаралған. Балабақшада заманауи талаптарға сай жедел саты (лифт) қарастырылған және барлық бөлмелеріне жылы едендер орнатылған.

Мұнан кейін, шаһар басшысы Жаппасбай батыр көшесіндегі жаңа тұрғын ауданда бой көтеріп жатқан 600 орындық мектеп құрылысының басында болды.

Бұл жобаның жалпы құны 974,4 млн. теңгені құраса, мердігер мекеме «Ария-Жаңа Астана» ЖШС-і құрылыстың алғашқы кезеңіне бөлінген 160 млн. теңгені толық игерген.

Қала әкімі мердігер мекемеге құрылыс жұмысын тоқтатпауды тапсырып, қаржы мәселесінің жедел шешілуіне барынша ықпал жасайтындығын айтты.

Әкім аялдаған келесі нысандар қаладағы ауыз су, кәріз су және жылу жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстары болды.

Жалпы айтқанда, биылғы жылы Қызылорда қаласы бойынша «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауыз су, кәріз су және жылу жүйелерін қайта жаңғырту мақсатындағы 21 жобаға 3 млрд. 794,5 млн. теңге бөлінді.

Оның ішінде, ауыз су құбырларын қайта жаңғырту бойынша - 8 жоба, кәріз су жүйесі - 5 жоба, жылу жүйелерінен - 8 жоба бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде.

Қала басшысы Сырдарияның сол жағалауына да барды. Нақты кезеңде мұнда жаңа қаланың инженерлік инфрақұрылымын дамыту жұмыстары атқарылуда.

Сол жағалауда құрылыс компанияларының өз қаржысы есебінен 18 тұрғын үйдің салынып жатқаны белгілі.  Бұған қоса, мемлекеттік бағдарламалар арқылы жаңадан 8 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Шаһар мэрі мұны да назарға алды.

Жалпы ауданы 10 мың 863 шаршы метрді құрайтын 220 пәтерлік 4 үйге республикалық бюджеттен 1 млрд. 521 млн. теңге қаралған. Бұл үйлер тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға сатып алу құқығымен жалға беріледі деп күтілуде.

Сондай-ақ, облыстық бюджеттен бөлінген 2 млрд. 115,7 млн. теңгеге салынып жатқан, жалпы көлемі 15 мың 339,2 шаршы метр болатын 240 пәтерлік 4 үй ипотекалық несие арқылы табысталады.

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея