

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Қазақстанның ипотекалық компаниясы» (ҚИК) ИҰ" АҚ-ның сатып алу мүмкіндігімен берілетін тұрғын үйі» бағытымен Жаппасбай батыр көшесінен салынған тұрғын үйдің 5-ші қабаттарында орналасқан 7 пәтеріне ЖАО-да (жергілікті атқарушы органда) кезекте тұрғандардан 2018 жылдың 7-10 тамыз аралығында құжат қабылдау жүргізіледі.
Тұрғын жай туралы ақпарат:
Жаппасбай батыр көшесі, барлығы 7 пәтер.
Оның ішінде:
3-бөлмелі- 7 пәтер, жалпы көлемі – 74,0 ш/м дейін
сатып алу құқығымен берілетін тұрғын жайдың 1 ш/м үшін жалдау құны-784 теңге, жалдау мерзімі-20 жыл.
"ҚИК" ИҰ" АҚ-ның сатып алу мүмкіндігімен берілетін тұрғын үйі» бағытымен пәтер алуға үміткерлер мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:
1) белгілі бір пәтер түріне арналған өтініш (бұдан әрі – өтініш);
2) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат;
3) өтініш берушіні және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерін тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мекенжай анықтамасы;
4) неке қию/некені бұзу, жұбайының/зайыбының қайтыс болуы, балалардың туу туралы куәліктері, өтініш берушінің некеде тұрмайтындығы туралы нотариат куәландырған өтініш;
5) өтініш берушінің және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша меншік құқығындағы үйінің немесе сатып алу мүмкіндігімен берілетін тұрғын үйінің бар немесе жоқ екені туралы анықтама;
6) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және оның техникалық сипаттамалары (балшықтан құйылған және қаңқалы-қамысты тұрғын үйдегі, жатақханадағы бөлмеде үлесі болған кезде) туралы анықтама, сондай-ақ аталған жағдайларда меншік құқығының туындауын растайтын құжаттар;
7) өтініш берушінің басқа адамдарын отбасы мүшелері ретінде тану туралы сот шешімі;
8) жалақы туралы анықтама (6 айлық);
9) кезектілік нөмірін немесе бірегей нөмірді көрсете отырып тұрғын үйге мұқтаж (Бағдарламаға қатысуға өтініш берген кезде) есебіне қою туралы мәліметтер;
10) Заңның 67-бабында айқындалған санаттарға өтініш берушінің қатысын растайтын құжаттар.
Сатып алу мүмкіндігі бар жалға берілетін тұрғын үй ЖАО-да есепте тұрған кезектегі адамдарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындалатын кезектілік тәртібімен мынадай санаттарға өткізіледі:
көп балалы отбасылар;
толық емес отбасылар;
мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар;
жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
оралмандар;
1 және 2 топтағы мүгедектер;
мемлекеттiк қызметшiлер, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi.
Бұл ретте тұрғын үйдің 50 %-ы кемінде 3 жыл некеде тұрған, балалары (баласы) бар және жұбайлардың екеуінің де жасы 35-тен аспаған (Бағдарламаға қатысуға өтініш беру сәтінде), сондай-ақ балаларды (баласы) жасы 35-ке толмаған, оның ішінде ажырасқан, жесір/тұл қалған ата-ананың біреуі ғана тәрбиелеп отырған толық емес отбасы сияқты жоғарыда көрсетілген санаттардағы адамдарға өткізіледі.
Үміткерлерден өтініштер мен құжаттар «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz арқылы ғана қабылданады.