Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 16 желтоқсан 2018 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 06.08.2018Қаралғаны: 1158 рет
ХАБАРЛАНДЫРУ !

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Қазақстанның ипотекалық компаниясы» (ҚИК)  ИҰ" АҚ-ның сатып алу мүмкіндігімен берілетін тұрғын үйі» бағытымен  Арай мөлтек ауданынан салынған тұрғын үйдің  1 пәтеріне  ЖАО-да (жергілікті атқарушы органда) кезекте тұрғандардан 2018  жылдың  8 тамызында     құжат қабылдау жүргізіледі.

            Тұрғын жай туралы ақпарат:

Арай мөлтек ауданы,  барлығы 1  пәтер.

Оның ішінде:

2-бөлмелі- 1 пәтер, жалпы көлемі – 58,0  ш/м дейін

сатып алу құқығымен берілетін тұрғын жайдың 1 ш/м үшін  жалдау құны- 648 теңге, жалдау мерзімі-20 жыл.

"ҚИК" ИҰ" АҚ-ның сатып алу мүмкіндігімен берілетін тұрғын үйі» бағытымен пәтер  алуға үміткерлер мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:

1) белгілі бір пәтер түріне арналған өтініш (бұдан әрі – өтініш);

2) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат;

3) өтініш берушіні және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерін тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мекенжай анықтамасы;

4) неке қию/некені бұзу, жұбайының/зайыбының қайтыс болуы, балалардың туу туралы куәліктері, өтініш берушінің некеде тұрмайтындығы туралы нотариат куәландырған өтініш;

5) өтініш берушінің және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша меншік құқығындағы үйінің немесе сатып алу мүмкіндігімен берілетін тұрғын үйінің бар немесе жоқ екені туралы анықтама;

6) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және оның техникалық сипаттамалары (балшықтан құйылған және қаңқалы-қамысты тұрғын үйдегі, жатақханадағы бөлмеде үлесі болған кезде) туралы анықтама, сондай-ақ аталған жағдайларда меншік құқығының туындауын растайтын құжаттар;

7) өтініш берушінің басқа адамдарын отбасы мүшелері ретінде тану туралы сот шешімі;

8) жалақы туралы анықтама (6 айлық);

9) кезектілік нөмірін немесе бірегей нөмірді көрсете отырып тұрғын үйге мұқтаж (Бағдарламаға қатысуға өтініш берген кезде) есебіне қою туралы мәліметтер;

10) Заңның 67-бабында айқындалған санаттарға өтініш берушінің қатысын растайтын құжаттар.

 

      Сатып алу мүмкіндігі бар жалға берілетін тұрғын үй ЖАО-да есепте тұрған кезектегі адамдарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындалатын кезектілік тәртібімен мынадай санаттарға өткізіледі:

      көп балалы отбасылар;

      толық емес отбасылар;

      мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар;

      жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

      оралмандар;

      1 және 2 топтағы мүгедектер;

      мемлекеттiк қызметшiлер, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi.

      Бұл ретте тұрғын үйдің 50 %-ы кемінде 3 жыл некеде тұрған, балалары (баласы) бар және жұбайлардың екеуінің де жасы 35-тен аспаған (Бағдарламаға қатысуға өтініш беру сәтінде), сондай-ақ балаларды (баласы) жасы 35-ке толмаған, оның ішінде ажырасқан, жесір/тұл қалған ата-ананың біреуі ғана тәрбиелеп отырған толық емес отбасы сияқты жоғарыда көрсетілген санаттардағы адамдарға өткізіледі.

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея