Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 17 тамыз 2018 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 30.07.2018Қаралғаны: 194 рет
ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ БАС ЖОСПАРЫНА БІРҚАТАР ӨЗГЕРІС ЕНГІЗІЛЕДІ

Елордаға қарап бой түзеген Сырдың бас қаласында соңғы 3-4 жыл бедерінде 11 шағын аудан бой көтеріп, 7 мыңға жуық отбасы жаңа пәтерге ие болды.

«Қызылорда-Жезқазған» тас жолының бойынан «Бәйтерек» шағын ауданы ашылып, 6600 адамға инженерлік инфрақұрылымы толықтай жүргізілген жер телімі табысталды. Енді алдағы бес жылдықта Қызылорда қаласының шекарасы ұлғайтылып, көптеген әлеуметтік нысандар бой көтермек. Осы ретте облыс орталығының бас жоспарына бірқатар өзгерістер енгізіледі.

Бүгінде облыс орталығының аумағы солтүстік бөлігіне қарай ұлғая бастаған. Бас жоспардың алғашқы кезеңінде 11 мың гектар болса, қазір ол 20 мың гектарға шамаласады. Оған қоса жеке тұрғын үй салу үшін 60 мыңға жуық адам кезекте тұр. Осы орайда енгізілуі тиіс өзгерістер жергілікті мәслихаттарда талқыланғаннан кейін Үкімет назарына ұсынылмақ.

Алмат Ізбасаров, облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары:

- Қызылорда қаласының тұрғындары 294 мыңнан асып 300 мыңға жақындап келе жатыр. Соған байланысты «Қызылорда-Жезқазған» бағытында жеке тұрғын үй құрылысына арналған жаңа «Бәйтерек» аймағы ашылған болатын. Және де Сырдария өзенінің сол жағалауын игеру жұмыстары қарқынды жүріп келе жатыр. Негізгі өзгерістер ол – Қызылжарма ауылдық округі мен Тасбөгет кентін түбегейлі жоспарлау жасалып жатыр.

Сонымен қатар көптен жол, ауызсу және жарық мәселесі көтеріліп келген «Сабалақ» саяжай кешенін қала аумағына енгізу жоспарланып отыр. Аталған жер телімдері облыс орталығы құрамына енсе, тиісті қаржы бөлініп, инженерлік инфрақұрылымын дамытуға мүмкіндік туады екен.

 Ең басты жаңалық, қала маңынан үрлемелі су тоспасы салынып, шаһарды көгалдандыру, экологиялық мәселелерді шешу жолға қойылады. Бас жоспарға сәйкес Сырдария өзенінің сол жағалауын игеру жұмыстары кешенді түрде қолға алынды. Қазірдің өзінде музей, рухани жаңғыру орталығы, университет, балабақша және 18 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр.

24.kz

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея