Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 15 қараша 2018 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 27.07.2018Қаралғаны: 179 рет
«ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТТЕРІ ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ» КЕЗЕКТІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ

 Қызылорда қаласы,

2018 жылғы 27 шілде.

Бүгін, қала әкімі Н.Нәлібаев «Құқық қорғау қызметтері орталығында» ай сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын қоғамдық қабылдауын таңғы сағат 09.45-тен бастады.

Бүгінгі қабылдауда қала әкімі 60-тан астам қала тұрғындарының мәселелерін тыңдап, әр мәселе бойынша дер кезінде тиісті шараларды қабылдау туралы жауапты сала басшыларына тапсырмаларын берді.

Жалпы, қала әкімі Н.Нәлібаев жыл басынан бері «Құқық қорғау қызметтері орталығы» ғимаратында 300-ден астам азаматтарды қабылдаса, бұдан бөлек аптасына кем дегенде 20 азамат қала әкімінің жеке қабылдауында болады.

«Құқық қорғау қызметтері орталығында» ұйымдастырылатын қабылдауға келген азаматтарға барынша ыңғайлы жағдай жасау және ешқандай кедергілер келтірмес үшін, электронды кезек жүйесі қарастырылған. Яғни, қала әкімінің қабылдауына алдын ала жазылудың қажеттілігі жоқ.

Айта кету керек, қала әкімінің барлық орынбасарлары мен дербес бөлім басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері де күнделікті өз салалары бойынша тұрғындырды қабылдап, апта сайын тұрақты түрде қоғамдық қабылдаулар ұйымдастырып отырады.

Естеріңізге сала кетейік, әр айдың соңғы бейсенбісі күні осы орталықта қала әкімі, облыс прокуроры, облыстық Ішкі істер департаментінің бастығы және мемлекеттік кірістер департаменті, Әділет департаменті басшылары, медиатор, адвокаттар мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» мамандары тұрақты түрде қоғамдық қабылдау ұйымдастырып келеді.

Қосымша мәлімет:

Жалпы, қала әкімдігі тарапынан қала тұрғындарымен байланысты арттыру және барынша ашықтықты қамтамасыз ету бағытында қарқынды шаралар қабылданып келеді.

Мысалы, қала әкімдігіне қарасты барлық бөлімдер мен кент және ауылдық округтерде арнайы сенім телефондары, қоғамдық кеңес, жеке қабылдау және бұдан бөлек қала әкімдігінің ресми веб-порталы, (Facebook, Вконтакте, Іnstagram) әлеуметтік желілерде арнайы парақшалар мен «Whatsapp» мессенджеріндегі «Open (Ашық) Kyzylorda» жобасы сәтті жұмыс жасап келеді.

Қала әкімінің баспасөз қызметі

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея