Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 17 тамыз 2018 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 20.07.2018Қаралғаны: 94 рет
«ҚЫЗЫЛОРДА – ТАШКЕНТ – ҚЫЗЫЛОРДА» МАРШРУТЫ АШЫЛДЫ

Халықаралық бағыттағы жолаушы тасымалын жетілдіру мақсатында «Қызылорда - Ташкент - Қызылорда» тұрақты маршруты ашылды.

Бұл жолаушылардың екі ел арасында барыс-келесін арттырып, жиі қатынуына мүмкіндік берді. Облыс орталығынан автобус күнделікті сағат 17-00 де жүреді. Билеттің құны – ересектерге – 3 мың, 7 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға – 1 500 теңге.

Бүгінгі таңда облыс аумағында 212 елді мекенді аудан және облыс орталығымен байланыстыратын 211 автобус маршруты ұйымдастырылған.

Сонымен қатар, облыс орталығынан Астана, Алматы, Ақтөбе, Түркістан, Шымкент, Жезқазған, сондай-ақ, Сарыағашқа қалааралық автобустар қатынайды.

Көлік жүргізушілерінің айтуынша, жаңа бағытттағы автобус Ташкентке шамамен алты сағатта жетеді. 

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея