Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 17 тамыз 2018 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 19.07.2018Қаралғаны: 81 рет
ОРТАҚ ИГІЛІК ЖОЛЫНДА

Қазақстан Республикасының Конституциясында: «Жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы істің жайкүйіне жауапты жергілікті өкілді және атқарушы органдар жүзеге асырады», – делінген. Осы тұрғыда облыс әкімі Қырымбек Көшербаев барлық уақытта да депутаттарға қолдау көрсетіп, олардың ұсыныс-пікірлерін ескеріп, арнайы ісшаралар қабылдап, сессия жұмыстарына үздіксіз қатысып келе жатқанын айта кеткен орынды болар.

Қалыптасқан дәстүрге сәйкес, жыл басындағы облыс әкімі мен депутаттардың кездесуінде депутаттардан шешімін күткен мәселелерге орай 35 тақырыпта 133 сауал көтерілді, оның қаржысы 13621,6 млн теңгені құрады. Осы айдың басына дейін аталған сауалдар арасында 16 мәселе оң шешімін тапты. Қалғандары облыс әкімінің іс-қимыл жоспарына енгізілген.

Облыс әкімінің өңірімізді бірлесе өркендету аясындағы көзқарастары мен бастамалары елдің ортақ игілігіне айналуда. Аймақ басшысының бастамасы тұрғындар тарапынан қолдау табуда. Қызылорда қаласында тазалықтың қалыптасуы – осының бір ғана дәлелі.

Санамызда орныққан жаңарған жолдар мен инфрақұрылымдар, халық игілігіне беріліп жатқан әлеуметтік нысандар, жаңа жұмыс орындары, әлеуметтік топтарға жасалып жатқан қолдаулар, ұлтымыздың рухын жаңғырту бағытындағы көшелі істер біздің іс-әрекетімізге, сенімімізге қатты ықпал ете бастады. Мысалы, биылғы жылды «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» деп жариялаудың әлеуметтік маңызын алайық. Кәсіпкерлік еркіндікке, жетістікке бастайтын жол. Ал кәсіпкер – өзгелер үшін қайшылықтар мен түсініксіз жайттардан мүмкіндік тани білетін, таба білетін адам.

Биыл шілде айының басында Қызылорда облысы Астанаға зымырандық-ғарыштық техниканың ашық аспан астындағы музейін тарту етті. Елбасы музейге «Қазақстанның ғарыш саласында жетекші мемлекеттердің бірі екенін айқындайтын тамаша тарту болды» деген баға берді. Бұл да өз кезегінде қоғамдық санамыздың одан әрі серпілісіне бастайды, ортақ жетістіктерге басымызды біріктіре түседі.

Облысымыздағы осындай ортақ жағымды жаңалықтар жұртшылық тарапынан позитивті ойлауды күшейткені қуантады.

 

Наурызбай БАЙҚАДАМОВ,

Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея