Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 17 тамыз 2018 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 18.07.2018Қаралғаны: 130 рет
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БАРЫСЫНДА КЕЗДЕСЕТІН ӘКІМШІЛІК КЕДЕРГІЛЕР

Қызылорда облысында инвестициялық жобаларды іске асыру барысында кездесуі мүмкін әкімшілік кедергілерді болдырмау мақсатында инвесторлардың құқығын қорғауға бағытталған «PROTECTING BUSINESS AND INVESTMENTS» сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу жобасы аясында құзырлы мемлекеттік органдардың басшыларымен кездесу өткізілді.

Кездесуді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы Абзал Мұхимов ашып, жүргізіп отырды.

Жиын барысында «Кәсіпкерлерді қолдау орталығының» директоры Қамар Бекетова хабарлама жасап, аймақтағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру кезіндегі проблемалық мәселелері талқыланды.

Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге облыс бойынша шетелдік және отандық инвесторлардың 12 инвестициялық жобасы алынып, олардың 9-ымен меморандумға қол қойылған.

Кездесу соңында 3 инвестициялық жобаны жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы келісімдерге қол қойылды.    

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея