Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 25 қыркүйек 2018 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 18.07.2018Қаралғаны: 89 рет
«МЕНІҢ ОТАНЫМ – ҚАЗАҚСТАН» ОБЛЫСТЫҚ ТУРИСТІК СЛЕТІ

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының ұйымдастыруымен Жаңақорған ауданы, Екпінді ауылы аумағындағы «Қамбаркөл» демалыс орнында «Менің Отаным – Қазақстан» атты жас туристердің облыстық слеті өтті.

Өткізілген іс-шараның түпкі мақсаты – аймақ жасөспірімдері мен жастары арасында бұқаралық туристік жұмыстарды жандандыру, туризм тәсілдері арқылы салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастыру, ең мықты команданы анықтау, сонымен бірге тәжірибе алмасу болды.

Айта кетейік, туристік слетке облыс бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуден

100 баллдан жоғары көрсеткішке қол жеткізген мектеп түлектері қатысты.

«Жаңғырған жастар» ұранымен өткен слетке қатысушылар облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының Алғыс хаттарымен марапатталды.                                                                       

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея