Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 16 желтоқсан 2018 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 13.07.2018Өзгертілді: 16.07.2018Қаралғаны: 916 рет
ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН ШАРАЛАР

Бүгінгі күні халық арасында қызу талқыға түсіп жүрген тақырыптардың бірі 2018 жылдың 1 шілдеден бастап күшіне енген зейнетақы есептеу әдістемесіндегі өзгерістер, нақты айтар болсақ зейнетақы жүйесіне қатысу өтелі есепке алынады, осыған байланысты жасы толып зейнеткерлікке шыққан азаматтар БЖЗҚ-ның бөлімшелеріне жүгініп қосымша құжат немесе анықтама жинау қажеттілігі барма?

Жауап: Базалық зейнетақыны қайта есептеу зейнеткерлік демалыстағы азаматтарға автоматты түрде жүргізіледі. Ешқандай қосымша құжаттарды жинаудың қажеті жоқ. Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне жасалған барлық аударымдар туралы деректер бірыңғай ақпараттық жүйесі бар.

 

Қор бөлімшелеріне келуге мүмкіншілігі жоқ азаматтарға зейнетақы қызметтердің қолжетімділігін арттыру үшін Қор тарапынан қандай жұмыстар жүргізілуде?

Жауап: Зейнетақы қызметтердің қолжетімділігін арттыру заманауи кезеңде Қор үшін стратегиялық міндеттерді шешу құралдарының ажырамас бөлігі.

Зейнетақы заңнамасының өзгеруіне және электрондық сервистердің дамуына байланысты жеке мәліметтерді есептеу жүйесі әрдайым жаңартылуда. Қор қызметтерін БЖЗҚ бөлімдеріне барып қана емес, дәстүрлі және электронды пошта арқылы, www.enpf.kz сайтында «жеке кабинет» ашу арқылы, ұялы қосымша көмегімен, e-gov.kz электрондық үкіметі сайтында, өз-өзіне қызмет көрсету терминалдарында да алуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылы зейнетақы қоры enpf.kz сайты арқылы зейнетақы шотын ашуға арыз беру, жеке деректемелерге өзгеріс енгізу, интернет-хабарландыру әдісін таңдау, төлем жасауға өтініш беру, оның орындалуын онлаин-режимде қадағалау сынды бірқатар электрондық қызмет түрлерін енгізді. Биыл enpf.kz сайты арқылы зейнетақы келісімінің көшірмесін алу қызметі қолжетімді болды. Электрондық қызметтер бар-жоғы бірер минутта көрсетіледі.

Жаңа электрондық қызметтер іске қосылғаннан бері ол 2018 жылдың 1 шілдесіне дейін 55 800 рет қоданылған. Нақтырақ болсақ, Қор сайтындағы «жеке кабинет» арқылы 12 500 жеке зейнетақы шоты ашылған (ЖСН және құпия сөз немесе Халыққа қызмет көрсету орталығында берілетін электрондық цифрлық қолтаңба арқылы). 3 226 алушы (зейнетақы жасына келген немесе 1, 2 топтағы мүгедектігі мерзімсіз тағайындалған азаматтар) зейнетақы төлемдерін жасау туралы өтініш берген. Жеке деректемелерге 30 794 өзгеріс енгізіліп, жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы хабарландыру әдісін өзгертуді интернетке арқылы алу бойынша 9 320 операция жасалған.

БЖЗҚ-да қолданылатын ақпараттық технологиялар зейнетақы қызметтерінің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға ықпал ететінін атап өткен абзал.

 

АҚ «БЖЗҚ» Қызылорда

облыстық филиалы

 

 

 

МОБИЛЬДІК КЕҢСЕ ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

Қордың басты міндеттерінің бірі – зейнетақы қызметтерін алуды қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға барлық қажетті жағдайларды жасауға ұмтылу.

Ертерек хабарлағандай, 2018 жылдың екінші жартысында «Мобильдік кеңсе» жобасы іске қосылды. Ондағы мақсат - шалғайда орналасқан елді мекендерде, сондай-ақ Қордың бөлімшелері жоқ аудандарда зейнетақы қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету.

«Мобильдік кеңсе» барлық қажетті техникалармен және жерсеріктік байланыспен жабдықталған. Бұл ретте жүріп-тұру үшін ГАЗельNEXT базасында жасалған, жерсеріктік жабдықтары бар, заманауи жоғары технологиялық шағын автобус пайдаланылады. Оның жұмыс бөлігі операторларға арналған автоматтандырылған екі жұмыс орнымен және азаматтарға арналған екі орынмен қамтамасыз етілген. Қосымша ретінде кезек күтушілер үшін үш кісілік орындық қарастырылған. Бұл шағын автобус барлық қызметтерді онлайн тәртібінде көрсететін өзіндік бір жылжымалы дербес қызмет көрсету орталығы болады.

Осы қанатқақты жоба аясында Қазақстанның үш өңірі – Алматы, Атырау және Қостанай облысының тұрғындарына қызмет көрсетіледі. Бұл өңірлер бірінші кезекте климаттық, жағрафиялық және аумақтық жағдайларына байланысты таңдап алынған болатын. Жыл соңына дейін осындай мобильдік кенселер тағы бір қатар облыс орталықтарында жұмысын бастамақ.

Қанатқақты жобалар аясында атқарылған жұмыстардың тиімділігін бағалау нәтижесі бойынша Қор басшылығы шалғай жерлерде орналасқан шағын ауылдардың тұрғындарына әрі қарай көшпелі қызмет көрсету туралы нақты шешім қабылдайды.

БЖЗҚ Мобильдік кеңсесі іске қосылғаннан бері еліміздің үш өңірінде мыңнан астам азаматқа зейнетақы қызметтері көрсетілді.

Есепті кезеңде тұрғындар тарапынан ең сұранысқа ие болған қызметтерді атап айтар болсақ, олар: жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу жөнінде жаңа редакциядағы өтінішті беру, ЖЗШ-дан үзінді-көшірме беру және деректемелерді өзгерту/толықтыру жөнінде өтініш қабылдау. Айта кетелік, электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) өзекті кілті бар болса немесе Жеке кабинет қолжетімді болған жағдайда (деректемелерді өзгертуді қоспағанда) жоғарыда аталған операцияларды Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының www.enpf.kz сайтында онлайн тәртібінде жүзеге асыруға болады.

Бұл сынақ жоба шалғай елдімекендер, сондай-ақ, Қор бөлімшелері жоқ аудандарда зейнетақы қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында іске қосылған болатын. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы мен «Қазпошта» акционерлік қоғамы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға және Шараларды жүзеге асыру жоспарына қол қойылды. Осы құжаттар аясында қазақстандық ұлттық пошта желісі операторының бөлімшелері арқылы Қор бөлімшелері жоқ шалғай аудандарда зейнетақы қызметтері көрсетіледі.

Қазіргі уақытта бұл жобаны жүзеге асыру жоспары әзірленіп дайындық жұмыстары жүргізілуде. Осылайша, 2018 жылы БЖЗҚ қызметінің көрсетілу деңгейі республика бойынша 43 пайызға артады деп күтілуде.

Бұдан басқа, Қор электрондық қызметтерге қолжетімділікті оңайлату мақсатында екінші деңгейдегі банктердің инфрақұрылымдарын – интернет-банкинг пен банкоматтар желісін пайдалану мүмкіндігін қарастырып жатыр.

 

 

АҚ «БЖЗҚ» Қызылорда

облыстық филиалы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның 35 бабына сәйкес, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқаруды ҚР Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2013 жылдың 26 тамызында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен БЖЗҚ арасында зейнетақы активтерін сенімді басқару туралы келісім жасалды. Басқарудың тиімділігін арттыру, инвестициялау бағыттары мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының активтерін  салатын қаржы құралдарының тізімін белгілеуге байланысты ұсыныстар даярлайтын орган  - ҚР Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңес.  БЖЗҚ зейнетақы активтерін сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі. Осыған сүйене отырып, зейнетақы активтері қатаң қадағалауда және оның сақталуына мемлекет кепілдік береді деп айтуға толық негіз бар.

1. Зейнетақы активтерін кім басқарады?

 

«Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның 35 бабына сәйкес, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқаруды ҚР Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2013 жылдың 26 тамызында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен БЖЗҚ арасында зейнетақы активтерін сенімді басқару туралы келісім жасалды. Басқарудың тиімділігін арттыру, инвестициялау бағыттары мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының активтерін  салатын қаржы құралдарының тізімін белгілеуге байланысты ұсыныстар даярлайтын орган  - ҚР Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңес.  БЖЗҚ зейнетақы активтерін сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі. Осыған сүйене отырып, зейнетақы активтері қатаң қадағалауда және оның сақталуына мемлекет кепілдік береді деп айтуға толық негіз бар.

 

2.Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары қалай инвестицияланады? 

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімдерді ҚР ҰБ Басқармасының 2016 жылдың 18 наурызындағы №86 қаулысымен бекітілген бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорының инвестициялық декларациясына сәйкес қабылдайды. Сонымен бірге, инвестициялық шешімдер, соның ішінде Қордың зейнетақы активтерін орналастыруға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізімі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің ұсыныстарына сәйкес қабылданады.  

 

ҚР ҰБ инвестициялық стратегиясына сай ұзақ мерзімді перспективада табыстылықтың үйлесімді деңгейін қамтамасыз ету үшін  активтер   теңгемен де, шет елдік валюталармен номиналданған түрлі қаржы құралдарына диверсификацияланады. Сонымен қатар, тәуекелдерді барынша төмендету үшін зейнетақы активтері түрлі қаржы құралдарына инвестицияланады.  

 

Қазіргі кезде зейнетақы активтері мемлекеттік, квазимемлекеттік сектордағы компаниялардың құнды қағаздарына, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары мен акцияларына инвестицияланып, екінші деңгейлі банктер мен шетелдік банктердің депозиттеріне және сенімді шетелдік эмитенттердің құралдарына салынған.  Инвестициялық қызмет туралы ақпарат Қордың www.enpf.kz  ресми сайтында («Қор туралы» - «Инвестициялық қызмет» - «Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелінің құрылымы») бөлімінде жүйелі түрде жарияланып тұрады.  

 

3. Зейнетақы қаржылары қайда инвестицияланады?

 

«БЖЗҚ» АҚ www.enpf.kz сайтында зейнетақы активтері есебінен жасақталған  инвестициялық портфель құрылымы мемлекеттік, орыс және ағылшын тілінде жарияланып, эмитенттің атауын, қағаздардың көлемін, қаржы құралдарының есепті датаға номиналды және ағымдағы бағасы көрсетіледі. 

 

2018 жылдың 1 маусымына БЖЗҚ-ның ҚР Ұлттық банкінің сенімді басқаруындағы зейнетақы активтері   8, 263 трлн теңге болды.

 

Портфельдің негізгі бөлігін45,94% - Қазақстан Республикасының мемлекеттік қағаздары құрайды.  МҚҚ ағымдағы бағасы 3 796,80 млрд теңге.

Инвестицияланған зейнетақы активтерінің ішінде екінші орында Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінің облигациялары тұр, олардың портфельдегі үлесі  -  14,71%, ал ағымдағы бағасы - 1 215,58 млрд теңге.

 Сонымен қатар, инвестициялық портфельде:

- шетелдік мемлекеттердің мемлекеттік құнды қағаздары   (11,71%);

- Қазақстанның квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары   (8,86%);

- банктердің депозиттері: қазақстандық (3,84%) және шетелдік (5,58%);

- тәуекел мен портфельдің табыстылығын қамтамасыз ететін басқа да құралдар.

 

Қаржы құралдарының   инвестициялық портфеліндегі  валюталардың үлесі: 

·         Ұлттық валюта – 68,63%

·         АҚШ доллары – 31,16%

·         Ресей рублі – 0,41%

·         Басқа валюталар – 0,10%

 

Инвестициялық қызметтің бағыттарына, шетел валюталары курстарының құбылмалылығына, қаржы құралдарының нарықтағы бағасына байланысты   есептелген инвестициялық табыстың көлемі 2018 жылдың басынан   251,41 млрд. теңгені құрады. 2018 жылдың басынан БЖЗҚ салымшыларының (алушыларының) шоттарына аударылған зейнетақы активтерінің табыстылығы   2,98%-ды құрады.

 

4. Мен ресми жұмыс істемеуіме байланысты зейнетақы жарналарын төлемеген  уақыт болды.  Маған бұл кезеңге инвестициялық табыс аударылмайды ма?   

Инвестициялық табыс әрдайым аударылып тұрады. Ол күн сайын әрбір қаржы күнінің соңында жинақтар толықтай таусылғанша, салымшы зейнетке шығып, зейнетақы ала бастағанның өзінде, оның Қорда сақтаулы тұрған жинақтарына одан әрі аударыла береді. 

Жинақтардың жай-күйі туралы және инвестициялық табыс туралы ақпаратты жеке зейнетақы шотының (ЖЗШ) үзінді-көшірмесінен алуға болады. Ол ақысыз беріледі, ал хабарландыру тәсілін салымшы (алушы) өз бетінше таңдайды. Үзінді-көшірме алудың келесі тәсілдері бар: 

¾      Пошта байланысының көмегімен – жылына бір рет; 

¾      Электрондық пошта арқылы  – таңдалған кестеге сәйкес (ай сайын, тоқсан сайын, жарты жыл сайын, жыл сайын);   

¾      БЖЗҚ кеңсесіне өзі бару арқылы  – шектеусіз;

¾      Интернет-хабарландыру (смартфондар мен планшеттерге арналған ENPF ұялы қосымшасы арқылы онлаин-режимде) – шектеусіз;   

¾      enpf.kz сайтындағы «Жеке кабинет» арқылы немесе egov.kz электрондық үкімет сайты арқылы («Әлеуметтік қамсыздандыру»  айдарындағы «Зейнетақымен қамсыздандыру» - (Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының жай-күйі (инвестициялық табыстарды есептегенде) бөлімінде) порталда тіркеліп, қолданыстағы электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болған жағдайда. 

 

5. Инвестициялық табысқа салық салына ма? 

ЖЗШ-дан Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасында қарастырылған жағдайлар туындауына байланысты жасалатын төлемдерге, соның ішінде есептелген инвестициялық табысқа,  Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық салынады. 

Қазақстан Республикасының «Салықтар және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы» (ҚР Салық Кодексі) зейнетақы төлемдері төлем көзінен салық ұсталатын табысқа жатады

ҚР Салық Кодексінің 170 бабына сәйкес, салық салуға жататын зейнетақы төлемі ретіндегі табыс түрлеріне бірыңғай жинақтаушы зейнетақы жүйесі салық төлеушілердің келесі зейнетақы жарналары есебінен жасалатын төлемдері жатады: міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары. 

 Алайда, зейнетақы жасына келген, Қазақстан азаматтары болып табылатын салымшылар (алушылар) кесте бойынша немесе Қазақстан Республикасынан тыс аумақтарға тұрғылықты тұруға кетуіне байланысты зейнетақы төлемдерін алғанда салық төленетін табыс көлемін азайтатын салық шегерілімдеріне қақысы бар.  Басқаша айтқанда, табыс салығы төлемнің барлығына емес, оның бір бөлігіне ғана салынады. Салықтың түпкі мөлшерін есептеу үшін «бір жылдық зейнетақы төлемінен» «бекітілген салық шегерілімі» сомасын алып тастау керек. 

Сонымен қатар кейбір азаматтар ҚР Салық кодексінің 1 бабының 13) және 13-2) тармақтарына сай табысын ең төменгі айлық жалақысының 75 еселенген шегінде түзетуіне болады. 

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея