Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 21 шілде 2018 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 28.06.2018Өзгертілді: 28.06.2018Қаралғаны: 85 рет
ҚҰРМЕТТІ ШЫҒАРМАШЫЛ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІ!

Баршаңызды 28 маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Биыл бұл күнді атап өту - Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі, еліміздің бас қаласы - Астана қаласының 20 жылдығы, мемлекетіміздің алғашқы астаналарының бірі, Алаштың анасы – Сыр өңірінің бас шаһары  - Қызылорда қаласының 200 жылдығымен тұспа тұс келіп тұр.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген журналистердің кәсіби мерекесіде биыл 20-шы рет аталып өтуде.

БҰЛ МЕРЕКЕ – халықтың көзі әрі тілі саналатын бұқаралық ақпарат құралдарына, оның өкілдеріне замана сырын, уақыт шежіресін көркем сөзбен кестелеп, кәсіби шеберлікпен жеткізудегі ұшан-теңіз еңбекке берілген баға деп білеміз.

Бүгінгі күн - тек қаламгерлер қауымының еңбектеріне сый - құрмет көрсетілетін, ұшқыр қиялдарының жемісін ұлықтайтын күн.

Бүгінгі таңда еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдары құлашын кеңге жайып, дамудың демократиялық даңғылына біржола бет түзеген журналистер қауымының қоғамдағы орны мен рөлі айрықша маңызға ие.

Ата Заңымыз бен «БАҚ туралы» Заңымызда атап көрсетілгеніндей, сөз бостандығы мен ақпарат құралдарының еркіндігі – біздің тәуелсіздік алған жылдарымыздағы қол жеткізген негізгі жетістіктеріміздің бірі.

Елдің бірлігі мен берекесін сақтап, халық пен биліктің бағытын бір арнада тоғыстыру секілді абыройлы міндетті арқалаған бұқаралық ақпарат құралдарының еңбегіне халықтың берер бағасы да шынайы әрі ерекше.

Сондықтан да, Сөз, Қоғам және Ар жауапкершілігін арқалаған журналистер қауымы - Сіздердің бұл еңбектеріңіз әркез жоғары құрметке лайық.

Қадірлі тілшілер қауымы!

Сіздер ең басты байлығымыз – тәуелсіздігіміздің баянды болуы үшін еңбек етудесіздер.

Әрбір еңбектеріңіз адамдарды жақсылық жасауға, жарық әлемді нұрландыруға жетелесін!

Қалам қуатымен Қазақстанның тәуелсіздігін нығайту жолында жемісті қызмет ете беріңіздер.

Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтай отырып, қаламдарыңызға қуат, Өздеріңізге шалқар шабыт, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ-береке тілеймін.

 

 

Құрметпен,

Қызылорда қаласының әкімі                                                             Н.Нәлібаев

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея