Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 23 қыркүйек 2018 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 26.06.2018Қаралғаны: 175 рет
«НҰРЛЫ ЖЕР» БОЙЫНША ИПОТЕКАЛЫҚ ҚАРЫЗДАРДЫ СУБСИДИЯЛАУ ТОҚТАТЫЛАДЫ

ҚИК «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша ипотекалық қарыздарды субсидиялауды тоқтатады, деп хабарлайды ҚазАқпарат«Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің (ҚРҮҚ 19.06.2018жылғы №372) шешіміне байланысты және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жоспарлаған «7-20-25» жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске қосуға байланысты «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы «Ипотекалық несиелендірудің қолжетімділігін арттыру» бағытын - «Нұрлы Жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында жүргізілген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды тоқтатады» делінген хабарламада.

Мәліметке сай, «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ екінші деңгейдегі банктер берген ипотекалық қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялады. Бағдарлама әрекет еткен уақыт ішінде 37,21 млрд. теңге сомасына 3566 қарыз мақұлданды. Соның ішінде, 2017 жылдың жеті айында - 13,3 млрд. теңге сомасына 1303 қарыз, 2018 жылдың бес айында 23,9 млрд. теңге сомасына 2263 өтінім қабылданды.

 Ағымдағы жылдың қаңтарында мақұлданған қарыздар сомасы шамамен 4 млрд. теңге, ақпан айында - 3,66 млрд. теңге, наурызда - 3,7 млрд. теңге, сәуірде - 4,4 млрд. теңге, мамырда - 3,8 млрд. теңгені құрады. 2018 жылдың маусым айында 20 күн ішінде компанияға 4,3 млрд. теңге сомасында 385 өтініш түсті.

Субсидиялау бойынша жұмыстарды «ҚИК» ИҰ» АҚ екінші деңгейлі банктермен: «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Сбербанк» АҚ ЕБ, «Банк ВТБ» АҚ, «АТФБанк» АҚ, «Нұрбанк» АҚ, «Цеснабанк» АҚ және «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ («Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту» бағыты бойынша) бірлесіп жүзеге асырды.

Субсидияны тоқтату туралы қаулы жаңа қарыздарға ғана қолданылады. «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ ағымдағы шарттар бойынша субсидиялауды шарттарда көрсетілген талаптарда жалғастырады.

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея