Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 21 шілде 2018 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 23.06.2018Қаралғаны: 70 рет
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КҮНІ

Құрметті қызылордалықтар!

Қадірменді әріптестер!

 

Баршаңызды, 23 маусым - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілер күні кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Уақыт өзгеріп, қоғам дамыған сайын жаңа заманның талаптарына бейімделу кез келген мамандық иесіне жауапкершілік жүгін жүктейтіндігі анық.

Бұл әсіресе мемлекеттік саясаттың тиімді жүзеге асуына тер төгетін мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талапты екі еселейді.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүргізіп отырған салихалы саясатының арқасында, біздің елімізде мемлекеттік қызмет сапасын арттыру және оны жан-жақты дамыту мақсатында тың жобалар мен ауқымды жұмыстар жүзеге асырылуда.

Мұның бір ғана дәлелі, Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 1 қадамы - еліміз дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіру үшін білікті де білімді, әрі түрлі қиыншылықтар мен жүктемелерге төтеп бере алатын, адал да әділ қызмет атқаратын кәсіби мемлекеттік аппарат құруды мақсат етіп отыр.

Расында, мемлекеттік қызметшінің жұмысы терең білімділік пен іскерлікті ғана емес, үлкен жауапкершілікті талап етеді.

Сондықтан, адам құндылығына қызмет ету қашанда мерейлі екенін ойласақ, халықтың сенімін ақтау, ұлтымыздың абыройын асыру жолында бұл саланың рөлі үлкен, аса жауапты қызмет.

Өз халқың үшін қызмет ету - түсіне білген жанға зор бақыт!

Сонымен қатар, бүгін Қазақстан Республикасының полиция күні!

Мемлекетіміздің тыныштығы мен халқымыздың бейбіт өмірі, амандығы - бәрінен қымбат.

Осы жолда, полиция қызметкерлерінің қоғамдық тәртіпті қалыптастыру, ел тыныштығын қорғау жолындағы еңбектері орасан зор.

Сондықтан, барша қала тұрғындарының атынан құқық қорғау саласының қызметкерлерін де төл мерекелерімен құттықтаймын.

Қазіргі жаһанданудың өрелі биігіне қол созған кезде тәуелсіз елімізді өркендету жолында еселі еңбек етіп, өз міндеттерін кәсіби деңгейде атқарып, мемлекетіміздің демократиялық, әлеуметтік және құқықтық мемлекетке айналуына үлкен үлес қосып жүрген барша мемлекеттік қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтаймын.

Баршаңызға зор денсаулық, игілік пен бақыт, бақ-дәулет, отбасыларыңызға амандық тілеймін.

Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!

 

Құрметпен,

Қызылорда қаласының әкімі

Н.Нәлібаев

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея