Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 23 қазан 2018 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 21.06.2018Қаралғаны: 138 рет
ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ДƏРІГЕРЛЕР КОРЕЙ ЕЛІНДЕ ТƏЖІРИБЕ АЛМАСУДА

Елбасы Н.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауында «Саламатты өмір салтын насихаттай отырып, қоғамдық денсаулықты басқару ісін күшейту керек» деген болатын. Бұл ретте аймақта атқарылып жатқан жұмыс аз емес.

Биылғы жылы облыс əкімдігінің қолдауымен медицина мамандарының біліктілігі мен білімін көтеруге, шет елдердің жетекші клиникаларында тəжірибе алмасу мақсатында жергілікті бюджеттен 130 млн теңге қаржы бөлінді.

Мамандарымыз Кореяда, Ресейде, Татарстанның Қазан қаласында білімдерін жетілдіріп, Қытай, Австрия мамандарымен тəжірибе алмастыра алады.

Бүгінде дəрігерлердің алғашқы легі Корей елінің Северанс клиникасында тəжірибе алмасуда. Облыстық медицина орталығы, онкология, қалалық аурухана, облыстық перинаталды орталық, балалар ауруханасының дəрігерлері медицинаның соңғы жетістіктерімен танысуда. Олардың барлығыда ағылшын тілін еркін меңгерген мамандар.           

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея