Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 30 мамыр 2017 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 17.05.2017Қаралғаны: 54 рет
Ақсуат ауылдық округінде жаңа әкім

Ақсуат ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған Нұрсейітов Ақарыс Дүйсенбайұлы басқа қызметке ауысуына байланысты, жаңадан ауыл әкімінің сайлауы тағайындалған болатын.

Осыған сәйкес округ әкімін сайлау жөніндегі таңдаушылар  отырысы  өткізілді.

Өткізілген сайлау қорытындысында  Мәмбетәлі Ақмырзаевтың  кандидатурасы қолдау тауып, ол ауылдық округінің әкімі қызметіне сайланды.

Ақмырзаев Мәмбетәлі Сейтжаппарұлы 1978 жылдың 13 қарашасында Қызылорда қаласында дүниеге келген.

2004 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Экономист» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы Қылмыстық атқару жүйесі Комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының аға бақылаушысы ретінде бастаған.

2005-2010 жылдары облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің жетекші маманы, бас маманы;

2010-2013 жылдары облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы;

2013-2016 жылдары облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бөлім басшысы;

2016 жылдан осы кезге дейін Қызылорда облысы әкімі аппаратының бас инспекторы қызметін атқарып келді.

Фотогалерея
Сауалнама
Коммуналдық қызмет жұмысы сапасын қалай бағалайсыз?

 жақсы
 қанағаттанарлық
 жаман

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея
FOR PLAYER