Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 30 мамыр 2017 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 15.05.2017Қаралғаны: 22 рет
Жергілікті полиция қызметкерлері аналарды қуанышқа бөледі

Қазақ халқында «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» деген жақсы сөз бар. Жанашырлыққа мұқтаж жандарға жүрек жылуын ұсыну,  аялы алақанын тосып, қамқоршысы болу – сауапты істердің бірі, әр адамның азаматтық парызы.

Осы мақсатта Жергілікті полиция қызметінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының қызметкерлері «Әйелдерді мейрімділікке бөлейік!»  деген ұранмен   қайырымдылық шарасын өткізді. Қазақстан полициясының 25 жылдық мерейтойына орайластырылған акция 2017 жылдың 12 мамырында Қызылорда қаласы Ғ.Мұратбаев көшесінде орналасқан қарттар мен мүгедектерге арналған «Мейірімділік үйінде» өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – аналарымызды, апаларымызды құрметтеу, мүгедек әйелдерге заңды, психологиялық-әлеуметтік тұрғыдан көмек көрсету және қоғамға бейімделуіне қолдау білдіру болып табылады.

Аталған қайырымдылық акциясының өтуіне облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы, облыстық прокуратура, «Қамқорлық» дағдарыс орталығының және жергілікті қоғамдық бірлестіктердің мамандары атсалысып, қолдау көрсетті.

Акция барысында ұйымдастырушылар қарт аналарға сый-сияпат жасады, көңілдерін көтеріп, мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін концерттік бағдарлама ұсынды.

Шара  соңында әжелерге арналып дастархан жайылды. Дастархан басында әжелер басынан өткен өмірлік оқиғаларынан сыр шертіп, жастарға ақыл-кеңестерін айтты. Ақ баталарын беріп, кішілік, кісілік танытып, көңілдерін бір марқайтқандары үшін алғыстарын жеткізді.

Фотогалерея
Сауалнама
Коммуналдық қызмет жұмысы сапасын қалай бағалайсыз?

 жақсы
 қанағаттанарлық
 жаман

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея
FOR PLAYER