Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 30 мамыр 2017 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 12.05.2017Қаралғаны: 58 рет
Қызылордада «Форте банк» филиалының құрылысы басталды

Бүгін Қызылордаға ынтымақтастық туралы меморандум жасауға және банк ғимараты құрылысын бастау үшін «ForteBank» АҚ Басқарма төрағасы Мағжан Әуезов бастаған делегация келді. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев делегаттармен кездесіп, оларға ынтымақтастықтың тиімді бағыттарын жеткізді және жергілікті жобаларды жүзеге асыруда сәттілік тіледі.

«ForteBank» Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең ірі және болашағы зор банктің бірі болып саналады»,- деп атап өтті аймақ басшысы.

- Бүгінгі күннің маңызды шарасы – банктің жаңа кеңсесінің құрылысының басталуы болып отыр. «Hitech» стильде салынып жатқан жоба тек банктің қызмет көрсету аясы мен сапасын ғана жақсартып қоймай, қаламыздың сәулеттік келбетін арттыра түсетін болады. Бірлескен жобалар аймақ экономикасының дамуына оң серпін беретініне сенім мол,- деді Көшербаев.

Осы күні Сұлтан Бейбарыс көшесінің бойында банк ғимаратының іргетасын қалау рәсімі өтті. Мекеменің үшқабатты ғимаратында операциялық зал, касса бұрыштары, мұрағат, шаруашылық жайлар болады. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы пандус орнатылады.

Фотогалерея
Сауалнама
Коммуналдық қызмет жұмысы сапасын қалай бағалайсыз?

 жақсы
 қанағаттанарлық
 жаман

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея
FOR PLAYER