Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 30 мамыр 2017 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 12.05.2017Қаралғаны: 18 рет
Қала әкімі Н.Нәлібаев Ұлы Отан соғысының және кеңес одағының батыры Б.Нұрпейсовтың атына берілген көше мен ескерткіш тақтаның ашылу салтанатына қатысты

Қызылорда қаласы;

2017 жылғы 6 мамыр.

 

Қызылорда облысы әкімдігінің №258 Қаулысы және облыстық мәслихаттың №333 шешімімен қала орталығындағы Сәулет - 22 көшесіне, Ұлы Отан соғысының және Кеңес Одағының батыры Біліс Нұрпейсовтың есімі берілді.

Ұлы Отан соғысы батырының атына көше беру және ескерткіш тақтаның ашылу шарасына, Б.Нұрпейсовтың бауырлары, ағайын-туыстары, қала тұрғындары және қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлы қатысты.

- Бұл шара, еліміздің ең қасиетті де қастерлі мерекелері 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр - Ұлы Жеңіс күні, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 25 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылуымен ерекшеленіп отыр.

Бүгін міне, киелі Сыр өңірінің даңқты перзенттерін құрмет етудің тағы бір шарасын өткізудеміз.

Қаламыздың көрікті ауданындағы көшелерінің бірін Ұлы Отан соғысының және Кеңес Одағының батыры, бар қажыр – қайратымен ерен ерлік көрсеткен Нұрпейсов Біліс атамыздың атымен атағалы тұрмыз.

Біліс Нұрпейсов бойындағы қайсарлығы мен батыр болмысының арқасында 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында, өмiр мен өлiм белдескен алапат айқаста ерен ерлік үлгісін көрсете білген батыр тұлға.

Қасиеттi мереке күнi бiз азаматтық арды ту етіп, өз өмiрлерiн құрбан еткен батыр бабаларымыздың алдында бас иемiз.

Салтанатты түрде ашылғалы тұрған жаңа көше, ынтымақты халқымыздың мерейін асқақтатар көрікті орындардың біріне айналсын, - деген қала әкімі Н.Нәлібаев, барлық қатысушыларды мерекелерімен құттықтады.

Сондай-ақ, шара барысында Б.Нұрпейсовтың інісі Жүсіпбай Нұрпейсов, Алексей Мылтықбаевтар батыр атамыздың өмір жолы мен ерлік жолы туралы сөз етті.

 

Қала әкімінің баспасөз қызметі

 

Қосымша ақпарат:

Біліс Нұрпейсов - 1919 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Біліс өзені бойында дүниеге келген.

Қазақ АКСР-інің құрамында болған Қарақалпақ автономиялық округінің Петро-Александровский (қазіргі Төрткүл қаласы) қаласындағы Луначарский атындағы орта мектепте, Түрікменстанның Түркменабат (бұрынғы Шарджоу) қаласындағы Орта Азия кеме шаруашылығының ФЗО мектебінде оқып, кейін сол жердегі өзен-су көлігі техникумын бітірген.

«Альбатрос» жолаушы тасымалдау катерінде капитанның көмекшісі қызметін атқарып, 1935 жылы Төрткүлдегі Қарақалпақ мұғалімдер институтының физика-математика факультетіне окуға түсіп, оны бітірген сон медициналық училищеде, Тақтакөпірдегі орта мектепте қызмет еткен.

1940 жылы Мелитополь Әскери әуе училищесінде оқыды. Соғыстың алғашқы кезеңінен бастап «Пе-2» бомбалаушы ұшағымен немістердің шабуылдаушы әскерлерін бомбалауға қатысты.

Әскери тапсырмаларды орындау барысында жараланып, госпитальда болады.

Кейін Бурят - Моңғол Автономиялық Республикасындағы арнайы Тайткуркн әскери ұшақтар мектебінде дайындықтан өтіп, 1943 жылы майданға аттанады.

Онда тікелей Жоғары Бас қолбасшылықтың Әскери-әуе күштеріне бағынатын, алыс қашықтықты барлайтын 2-Беларусь майданы 4-әуе армиясына қарасты 47-жеке гвардиялық барлау авиа полкіне қабылданды.

Сол жылдың күзінде жас ұшқыш Дунаевский және атқыш-радист А.Волков үшеуі Жоғары қолбасшылықтың ерекше кұпия тапсырмасымен бірнеше майдан шептері және жау қорғаныстарынан өтіп, Берлинді суретке түсірген.

1944 жылдың көктемінде әуе полкі З-Беларусь майданының кұрамында болып, Неман мен Вислаға өтердегі тегеурінді шабуылдарға қатысты.

1945 жылы Берлин қаласы аймағындағы екі әуежайды барлау тапсырылып, әуе зеңбіректерінің оқ жаудырғанына қарамастан алыс қашықтыққа ұшып, әскери стратегиялық нысандарды суретке түсіріп, оларды жойғаны үшін Біліс Нұрпейсовке КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен 2 рет Кеңес Одағының Батыры атағы берілген.

2 мәрте «Қызыл Ту», «Қызыл Жұлдыз», 1-ші және 2-ші дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, медальдармен марапатталған.

2-ші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, ұшқыш-штурман, гвардия аға лейтенанты Біліс Нұрпейісов 1945 жылғы 23 сәуірде Германияның Берлин қаласында ерлікпен қаза тапқан.

Қарақалпақстан Республикасында батырдың атында көше, мектеп бар. Алматы қаласы Қалқаман ықшам ауданындағы бір көшеге батырдың есімі берілген.

 

Қала әкімінің баспасөз қызметі

Фотогалерея
Сауалнама
Коммуналдық қызмет жұмысы сапасын қалай бағалайсыз?

 жақсы
 қанағаттанарлық
 жаман

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея
FOR PLAYER