Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 30 мамыр 2017 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 11.05.2017Қаралғаны: 19 рет
Кітапхана оқырмандары бас қосты

Қаладағы №16  және №7 кітапханаларының ұйымдастыруымен жазушы Смағұл Елубаевтың туғанына 90 жыл толуына орай  «Ақ боз үй» трилогиясы бойынша кітап талдауы өткізілді.

Жазушы С.Елубаев «Ақ боз үй» романында өткен ғасырдың 30-жылдарында халқымыздың басынан кешкен ашаршылық, қиын-қыстау кезеңдері баяндалған.

Талдауға қатысушы зейнеткер Ибрагим Серікбай,  Малика Асамұратова әйгілі романның жазылу тарихы кеңінен айтып берді. Шара барысында шығармада ғы жағымды, жағымсыз кейіпкерлер жайлы жан-жақты айтылып, кітапхананың тұрақты оқырмандары оқыған шығарма жайында өз ойларын ортаға салды.

Жазушының өмірі мен шығармашылығы жайлы «Қаламы қарымды жазушы» атты тақырыпты көрме ұйымдастырылды.

Фотогалерея
Сауалнама
Коммуналдық қызмет жұмысы сапасын қалай бағалайсыз?

 жақсы
 қанағаттанарлық
 жаман

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея
FOR PLAYER