Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 30 мамыр 2017 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 11.05.2017Қаралғаны: 28 рет
Жаңа жоба Қызылордада бастау алды

«Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» Жастар қанаты ҚР Мемлекет рәміздерінің 25 жылдық мерейтойына арналған «Көк тудың желбірегені» атты жаңа жобаны жүзеге асыруда.

Аталмыш жоба аясында ҚР «Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегері, патриоттық әндердің орындаушысы Ескендір Ибрагим алғашқылардың бірі болып   республика көлемінде концерт беруге кірісіп кетті.

Жобаның басты мақсаты - жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру, ата-ана қамқорлығынсыз қалған жас таланттардың үлкен сахнада өнер көрсетуіне ықпал жасау, өскелең ұрпаққа мәдени және рухани тәрбие беру. Сондай-ақ, су тасқынынан зардап шеккен аймақтардағы ағайынға жәрдемдесуге шақыру.

Алғашқы концерт Қызылорда қаласындағы Асқар Тоқмағанбетов атындағы концерт залында өтті.

Концерт ҚР Мемлекеттік әнұранымен басталып, концерт барысында Ибрагим Ескендірдің «Оян, қазақ!» жаңа әнінің тұсауы кесілді. Кеш барысында, Қызылорда қаласы «Өнер мектебінің» домбырашылар ансамблі күй тартып, «Туған ел» вокалдық топ өнер көрсетті, жас ақын Ділдахмед Райымбек «Жастарға, елім, сеніңдер» атты өлеңін оқыды. Кешті белгілі айтыскер ақын, «Алтын домбыра» иегері Мұхтар Ниязов жүргізді.

Сондай-ақ, концерт Шымкент, Тараз, Алматы, Талдықорған және Ақтау қалаларында өтіп, еліміздің басқа да аймақтарында жалғасын табады.

Фотогалерея
Сауалнама
Коммуналдық қызмет жұмысы сапасын қалай бағалайсыз?

 жақсы
 қанағаттанарлық
 жаман

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея
FOR PLAYER