Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 30 мамыр 2017 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 06.05.2017Қаралғаны: 61 рет
Талсуатта жаңа әкім

Осыған дейін Талсуат ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған Мұсабаев Тастайбек Түрікбенұлының басқа қызметке ауысуына байланысты, жаңадан ауыл әкімінің сайлауы тағайындалған болатын.

Ауылдық округ әкімін сайлау жөніндегі таңдаушылар (қалалық мәслихат депутаттары) отырысы өткізіліп, онда Жарқеткенов Марат Шәкірбекұлының кандидатурасы басым дауысқа ие болды. Осыған орай қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев  тұрғындарға ауылдың жаңа басшысын таныстырды.

Марат Жарқеткенов   1966 жылдың 17 желтоқсанында Өскемен қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді. 1991 жылы - Өскемен жол құрылысы институтын «инженер-құрылысшы», 1999 жылы - Мәскеу халықаралық бизнес және ақпараттық технологиялар университетін «экономист» мамандықтары бойынша бітірген.

1995 - 2010 жылдары Қазақстан Республикасының кеден қызметінде басшылық лауазымдарды атқарған, кеден қызметінің полковнигі.

2010-2012 жылдары «К-групп» ЖШС директордың орынбасары, 2016 жылдан бастап осы кезге дейін Қызылорда қалалық демалыс паркінің директоры қызметін атқарып келді.

Қала әкімінің баспасөз қызметі

 

Фотогалерея
Сауалнама
Коммуналдық қызмет жұмысы сапасын қалай бағалайсыз?

 жақсы
 қанағаттанарлық
 жаман

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея
FOR PLAYER