Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 28 сәуір 2017 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 20.04.2017Қаралғаны: 15 рет
Қызылордада «Есірткісіз әлем» халықаралық акциясы өтті

А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде қаладағы білім беру ұйымдарының оқушылары мен студенттерін қатысқан кең көлемді акция болып өтті.  Бұл туралы Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі хабарлады.

2016 жылы маусымда Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің басшылары отырысы кезінде Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасына сәйкес Ішкі істер министрлігі ұйымның барлық мемлекеттері қатысатын «Есірткісіз әлем» атты халықаралық акциясын өткізуді жоспарлаған болатын. Аталған акция республикамыздың барлық облыстарында өткізілуде.

Шараның негізгі мақсаты – жастар мен жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.

Жастарға оң үлгі көрсетуді мақсат еткен шараға депутаттар, спортшылар, дәрігерлер, әртістер, әншілер  қатысып, жастарға ақыл-кеңестерін айтып, үндеу жолдады.

Фотогалерея
Сауалнама
Коммуналдық қызмет жұмысы сапасын қалай бағалайсыз?

 жақсы
 қанағаттанарлық
 жаман

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея
FOR PLAYER