Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 28 сәуір 2017 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 20.04.2017Қаралғаны: 15 рет
Аймақты су басу қаупі жоқ

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мамандар аймақты су басу қаупі жоқтығын айтты. Арал-Сырдария бассейіндік су шаруашылығы инспекциясының басшысы Әділхан Қарлыханов, облыстық төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Саид Молдақараев, облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары Ғабит Жаңабаев қатысқан брифингте су қоймаларының межеден артық толуын болдырмау үшін артық судың өзен арнасына тасталып жатқандығы айтылды. Ол үшін Өзбекстан Республикасымен арнайы келісім жасалған.

Облыс аумағында әлі де болса судың мол келуіне байланысты қала, аудан әкімдіктері мен тиісті сала қызметкерлері тарапынан дарияның бойына кезекшілік ұйымдастырылған.  Сонымен қатар Азаматтық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс жасап жатыр.

- Бүгінгі күнге дейін Шардара су қоймасынан төменге секундына 1 100 текше метр су түсіп, облыс шекарасындағы Көктөбе су бекетінен секундына 1000 текше метр су өтуде. Аталған су бекеті мен Қызылорда су торабы аралығындағы су таратушы каналдар арқылы секундына 292 текше метр су алып кеткен.  Таулы аймақта орналасқан Жаңақорған ауданының елді мекендерін судан қорғау мақсатында осы аумақта орналасқан 4 су қоймасының жағдайы қатаң бақылауға алынып, тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылып отыр. Осы орайда Сырдарияға жақын орналасқан елді мекендерді су басу қаупі жоқ екендігін ескертеміз,– дейді облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары Ғабит Жаңабаев.

Фотогалерея
Сауалнама
Коммуналдық қызмет жұмысы сапасын қалай бағалайсыз?

 жақсы
 қанағаттанарлық
 жаман

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея
FOR PLAYER