Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 28 сәуір 2017 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 19.04.2017Қаралғаны: 29 рет
Қызылорда облысы жастарының үндеуі

Құрметті Сыр жұртшылығы, жастар!

Еліміздің бірқатар аймақтарын су алып, мыңдаған отандастарымыз табиғи апаттың зардабын шегуде.

Судан келер кеселдің қиындықтарымен жақсы таныс Сыр жұртшылығы мұндайда шет қалмай қиналған отандастарға көмек қолын созуы тиіс деп ойлаймыз.

Елбасы “Алаштың анасына” балаған Сырдың елі қашанда елге пана бола білгенін тарихтан білеміз. Бұл жолыда жерлестеріміз әдепкі мейрімділігінен, жақынға қамқор ұстанымынан таймайды деп есептейміз.

Сыр елінің жұртшылығын, өңірде жұмыс  істейтін кәсіпорын ұжымдарын, жүрегі жылы жұртшылықты осы Үндеуге үн қосып, мүмкіндігінше атсалысуға шақырамыз.

Су тасқынынан зардап шеккендерге азық-түлік, киім-кешек пен тұрмыстық қажеттіліктерді қабылдау орындары:

Қызылорда қаласы,  К.Бәйсейітова көшесі № 82 үйде орналасқан «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і. Тел: 8/7242/ 40-12-33, 70-04-97.

Аудандар бойынша: Аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ғимараты.

Фотогалерея
Сауалнама
Коммуналдық қызмет жұмысы сапасын қалай бағалайсыз?

 жақсы
 қанағаттанарлық
 жаман

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея
FOR PLAYER