Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 28 сәуір 2017 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 18.04.2017Өзгертілді: 18.04.2017Қаралғаны: 43 рет
Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қаладағы бірқатар құрылыс нысандарын аралады.

Қызылорда қаласының әкімі 15 сәуірде сенбі күнгі жұмысын Тәуелсіздік даңғылының бойындағы, «Арай» жер асты су топтамасының аумағында ағаш отырғызудан бастады.

«Арай» жер асты су топтамасының ауласына 4 мыңнан астам ағаш көшеттері отырғызылып, сенбілік жұмыстары қатар жүргізілді.

Бұдан кейін, қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлы облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен бірлесіп жасалынып жатқан «ҚР Тұңғыш Президент саябағы» және «Рәміздер алаңы» аралығында Сырдария өзенінің бойын жағалай орналасқан «Жасыл белдеу» жұмысымен танысты.

Бүгіннің өзінде, 1,5 гектар жерді алып жатқан «Жасыл белдеуге» 6 мың дана ағаш көшеттері отырғызылды.

Бүған дейін, Қызылорда – Шымкент автожолының қаламызға кіре беріс бағытында, Қызылорда қаласы мен Қорқыт ата әуежайына дейінгі жолдың бойында 27,5 гектар жерге озық технологияларды енгізу мақсатында тамшылатып суару тәсілімен «Жасыл белдеу» жасалған болатын.

- Бұл, қаламызды жасыл желекке айналдыру, көгалдандыру мақсатындағы жұмыстардың жалғасы, сондықтан сұлу Сырдың бойында жасалынып жатқан «Жасыл белдеуді» ерекше бақылауға аламыз. Айналасын абаттандырып, екі аралықты жалғайтын қоршау жасауымыз керек, - деген қала әкімі, қажетті шығындарды шұғыл есептеп ұсыныс беру туралы орынбасарына тапсырма берді.

Келесі кезекте, Арай тұрғын ауданында орналасқан қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіштің қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты.

Қайта жаңғырту жұмыстарына бюджеттен 142 млн. 470 мың теңге қаралған. Бұрынғы келбетін сақтай отырып ескерткіш толық мрамор жабындысымен қапталуда және шағын аллея мен арнайы тағзым ету орындары қарастырылған бұл аумақта жарық шамдар, орындықтар орнатылып, кеспе тастар төселеді.

- Бұл жұмыстармен қатар, Жібек жолы даңғылынан бастап ескерткішке дейінгі аралықтағы Әбдіреев көшесін толық қайта жаңғыртудан өткіземіз. Екі бетіне жаяу жүргіншілер жолы және жарық бағаналары орнатылады. «Өткенге салауат, келешекке аманат» - демекші, осы күнді аңсап кеткен Алаш қайраткерлеріне құрмет қай заманда болсын ұмытылмауы тиіс. 31 мамырСаяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне дейін қайта жаңғырту жұмыстарын толық аяқтап, биылғы «Алаш» қозғалысының 100 жылдығына орай осы жерде үлкен шара ұйымдастырамыз, - деді қала әкімі Н.Нәлібаев.

Сондай-ақ қала басшысы «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры АҚ арқылы қаламыздағы Демесінов көшесінің бойынан салынып жатқан, 230 пәтерлі 4 көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысымен танысып, мердігер мекеме - «Бақ-Береке» ЖШС-ның құрылысшыларымен кездесіп қайтты.

Демесінов көшесінен салынып жатқан тұрғын үйлердің жалпы аумағы 15,6 мың шаршы метрді құрайды. Құрылыс жұмыстарының құны 2 млрд. 637,1 млн. теңге.

Жалпы айтқанда биылғы жылы, Қызылорда қаласы бойынша 25 көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде.

Оның ішінде, Сырдария өзенінің сол жағалауынан жаңа қала тұрғызу жобасы бойынша мемлекеттік - жекеменшік әріптестік аясында, құрылыс компанияларының өз қаражаты есебінен 9,2 гектар аумаққа 840 пәтерлі 18 көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Былтырғы 2016 жылы 4 мың 126 пәтерді құрайтын 80 көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілген болатын. Яғни, облыста атқарылған құрылыс жұмыстарының 80 пайызы Қызылорда қаласының үлесінде.

Қала әкімі аралаған келесі нысан Қорқыт Ата көшесіне күрделі жол жөндеу жұмыстары.

Қала орталығындағы Қазыбек би көшесінен Жезқазған автожолына дейінгі жалпы ұзындығы 5,8 шақырымдық жолдың ені 14-21 метр, 4 жолақты, 11,7 шақырым жаяу жүргіншілер жолымен, 4,4 шақырым болатын 118 дана түнгі жарық бағаналары, 22 аялдама салынады және екі бетіне барлық талаптарға сай суағар орналасады.     Қазіргі таңда бұл жұмыстарды мердігер мекеме «УАД» ЖШС жүргізуде. Бұл бағытта облыстық бюджеттен 1 млрд. 426 млн. теңге қаралған.

Мұнымен қатар, биылғы жылы қала көлемінде 298,8 млн. теңгеге жалпы ұзындығы 9,12 шақырымды құрайтын 14 көшеге орташа жол жөндеу жұмыстары, 72,2 млн. теңгеге 50 көшеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалуда.

Бюджетті нақтылау барысында үнемделген қаржы есебінен 6 көшеге орташа жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге қалалық бюджеттен 152 млн. теңге қаржы қаралып, тиісті жұмыстар атқарылуда.

 - Жол-көлік инфрақұрылымы саласында қаламызда ауқымды жобалар жүзеге асырылып келеді.

Соңғы 4 жылда қаламыздың жол құрылысын дамытуға 21 млрд. теңге қаржы тартылып, 400 шақырымнан астам жолдар орташа, күрделі және қайта жаңғыртудан өтті.

Оның ішінде, қаламыздың шет аймақтарынан 37 көше жөнделді.

1 млрд. 550 млн. теңгеге, ұзындығы 90 шақырымды құрайтын 39 көшеге жаяу жүргіншілер жолдары салынды. 1 млрд. 357 млн. теңгеге ұзындығы 144 шақырымдық 94 көшеге жарық бағаналары орнатылды. Сонымен қатар, 72 көпқабатты тұрғын үйлердің аулаішілік жолдары мен автотұрақтары жөнделді.

Ал, былтырғы бір жылдың өзінде 4 млрд. 167 млн. теңгеге ұзындығы 102 шақырым болатын, 174 көше жөнделді.

Қаламызға Шымкент, Ақтөбе қалалары және әуежай бағытынан келетін жолдарымызды толық жаңарттық. Міне, қаламыздың дәл ортасын қиып өтіп Жезқазған автожолына дейінгі ұзындығы  5,8 шақырым болатын Қорқыт Ата көшесінің күрделі жол жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін сырттан келетін барлық бағыттағы жолдарымыз толық жаңартылады, - дей келе, қаланы жан-жақты дамыту бағытында көптеген жаңа жобалардың қолға алынып жатқандығын айтты.

Қала әкімінің баспасөз қызметі.

Фотогалерея
Сауалнама
Коммуналдық қызмет жұмысы сапасын қалай бағалайсыз?

 жақсы
 қанағаттанарлық
 жаман

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея
FOR PLAYER