Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 28 сәуір 2017 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 17.04.2017Қаралғаны: 35 рет
Кәсіпкерлер палатасының көмегі көп

Қызылордада жыл басында облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында мемлекеттік гранттар ұсыну үшін байқау жариялаған болатын.

Байқау талабы бойынша грант тың идеясы бар, ісін жаңа бастаушы жас кәсіпкерлерлерге, мүмкіндігі шектеулі, сондай-ақ 50 жастан асқан азаматтарға беріледі.

Байқауға қатысушы азаматтарға Кәсіпкерлер палатасының мамандары бизнес-жоспарларын дайындап, құжаттарын әзірлеуге көмек көрсетті. Аймақтан 85 адам өтініш беріп,  жалпы құны 10 млн.теңгені құрайтын 17 жоба иесі  грант иегері атанды. Осы жерде ерекше тоқталып өтетін жайт, грантқа ие болған 17 жобаның 11-нің бизнес-жоспарын палата кеңесшілері жазып шыққан.

Кәсіпкерлер палатасы кеңесшілерімен бірге бизнес-жоспар әзірлеп, жеңіске жеткен грант иегерлері:

- Қызылорда қаласынан ЖК «Шаңырақ», «Қазақы нақыштағы ағаштан жасалған қолөнер бұйымдары» жобасы. Грант сомасы 630 000 теңге. Бизнес-жоспар жасаушы Палата кеңесшісі Олжас Аяғанов.

- Қызылорда қаласынан ЖК «Ульяновский», «Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған велосипедтер шығару» жобасы. Грант сомасы 1000 000 теңге. Бизнес-жоспар жасаушы Палата кеңесшісі Гаухар Батпанова.

- Қызылорда қаласынан ЖК «Шабыт», «Керамикалық және қыш бұйымдарын шығару» жобасы. Грант сомасы 1000 000 теңге. Бизнес-жоспар жасаушы Палата кеңесшісі Айгүл Төлекова.

- Қызылорда қаласынан ЖК «Алжанова», «Киіз бұйымдарын шығару» жобасы. Грант сомасы 700 000 теңге. Бизнес-жоспар жасаушы Палата кеңесшісі Олжас Аяғанов.

- Арал ауданынан ЖК «Аширбекова Бахыт Нұрсұлтанқызы», «Логопедиялық орталық ашу» жобасы. Грант сомасы 900 000 теңге. Бизнес-жоспар жасаушы Палата кеңесшісі Олжас Аяғанов.

- Қармақшы ауданынан ЖК «Ауылым Абыла», «Сүт өнімдерін өңдеп ірімшік және құрт шығару цехын ашу» жобасы. Грант сомасы 344 550 теңге. Бизнес-жоспар жасаушы Палата кеңесшісі Олжас Аяғанов.

- Қармақшы ауданынан ЖК «Нұр-Ай», «Түшпара өндіру цехын ашу» жобасы. Грант сомасы 135 000 теңге. Бизнес-жоспар жасаушы Палата кеңесшісі Олжас Аяғанов.

- Сырдария ауданынан ЖК «АҚ-ЕЛ», «Қара топырақ өндіру» жобасы. Грант сомасы 258 343 теңге. Бизнес-жоспар жасаушысы Палатаның Сырдария аудандық филиалының кеңесшісі Бақытжан Уаисов.

- Сырдария ауданынан ЖК «Ықылас», «Түкті кілем тоқу» жобасы. Грант сомасы 181 000 теңге. Бизнес-жоспар жасаушы Палата кеңесшісі Олжас Аяғанов.

- Шиелі ауданынан ЖК «Қалжанова Майя Қарабатырқызы», «Тоқыма бұйымдарын шығару» жобасы. Грант сомасы 540 000 теңге. Бизнес-жоспар жасаушы Палатаның Шиелі аудандық филиалының кеңесшісі Олжас Жылқыбаев.

- Шиелі ауданынан ЖК «Нариман», «Ұлттық музыкалық аспаптар дайындау бойынша шеберхана  ашу» жобасы. Грант сомасы 391 217 теңге. Бизнес-жоспар жасаушы Палатаның Шиелі аудандық филиалының кеңесшісі Олжас Жылқыбаев.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

Фотогалерея
Сауалнама
Коммуналдық қызмет жұмысы сапасын қалай бағалайсыз?

 жақсы
 қанағаттанарлық
 жаман

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея
FOR PLAYER