Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 28 сәуір 2017 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 14.04.2017Қаралғаны: 44 рет
Түзеу мекемелерінде прокурор кабинеттері жұмыс атқаруда

Қызылорда қаласында Қылмыстық-атқару жүйесінің  қатаң режимдегі ЗК-169/5 түзеу мекемесі мен ЗК-169/1 тергеу изоляторы, Шиелі ауданында ЗК-169/4 қоныс-колониясы орналасқан.

Бүгінгі күні түзеу мекемелерінде барлығы 703 сотталған жаза өтесе, тергеу изоляторында  қамауға алынған  133 адам ұсталуда, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Жеке қабылдауда жазасын өтеушілердің өтініштерін қарап,  құқықтарын қорғау үшін барлық мекемелерде прокурор кабинеттері ашылып, қызмет атқаруда. Мекемелерде аптасына үш рет осындай мақсаттарда кездесулер жүргізіп, олардың шағымдары мен өтініштерін мерзімінде шешу жолға қойылды.

Жуырда қатаң режимдегі түзеу мекемесінде осындай қабылдауды  облыс прокуроры Х.З.Дәуешов жүргізді. Қабылдауда сотталғандардың жазаларын тұрғылықты жеріндегі мекемелерде өтеуге ықпал жасау туралы ұсыныстары ескерілді.

Нақтыласақ, қатаң режимдегі ЗК-169/5 түзеу мекемесінде жаза өтейтін барлығы 585 сотталғанның небәрі 247-і (42,2%) облыс азаматтары.

Қылмыстық-атқару кодексінің 88-бабына сәйкес, егер сотталған адамның тұрғылықты жері бойынша тиісті (сәйкес) режимдегі мекеме болмаған жағдайда оны басқа облыстың мекемесіне  жіберу белгіленген.

Жеке қабылдаулар нәтижесінде, бүгінгі күнге тұрғылықты жері бойынша жаза өтеуді сұрау туралы 42 сотталған өтініш білдіріп, бұл жұмыстар жалғасуда.

Тұрғылықты жері бойынша жаза өтеу сотталғандар мен туыстары  арасындағы әлеуметтік байланысты нығайтып, олардың түзелу жолына түсуіне ықпал жасайды.

Фотогалерея
Сауалнама
Коммуналдық қызмет жұмысы сапасын қалай бағалайсыз?

 жақсы
 қанағаттанарлық
 жаман

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея
FOR PLAYER