Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 28 сәуір 2017 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 11.04.2017Қаралғаны: 37 рет
«Қайсар» көш басында келеді

«Қайсар» — «Тобыл» 0:0

Ескерту: Нәрзілдаев 45+1, Камара 63 — Мирошниченко 38, Молдақараев 82.

 «ҚАЙСАР»: Исламқұлов, Аржанов, Граф, Камара, Курьор (Нтизабонкиза 71), Ламанж, Николич, Әмірсейітов, Байжанов (к), Евстигнеев, Нәрзілдаев (Коробкин 75).

Резервте: Григоренко, Горячий, Көкеев, Мулдаров, Сақалбаев, Чуреев, Жақаев.

«ТОБЫЛ»: Непогодов, Деспотович, Кассай, Савич (Главина 90+1), Малый, Мирошниченко, Молдақараев (Елмырзаев 86), Мұхитдинов (к), Сартаков, Щеткин, Тағыберген. Резервте: Бусурманов, Джалилов, Дмитренко, Жақыпов, Жаңғылышбай.

Төрешілер: Кучин (Қарағанды), Бельский (Тараз), Конивец (Қарағанды).

8 сәуір 2017 жыл. Қызылорда. «Локомотив» стадионы. 3 640 көрермен.

Биылғы маусымда «Қайсарға» көз тіккендер көп. Футбол мамандары, БАҚ, жанкүйерлер команданың биылғы құрамына үлкен үміт артып отыр. Чемпионатта   көш бастап келе жатқан команда әзірше бұл сенімді ақтап келеді. Ал өткен сенбіде негізгі алаңның дайын болмауынан «Локомотив» стадионында болған ойынға бес мыңға жуық көрермен жиналды. Сол күні көтерілген күшті жел де қос команда ойыншыларына өз шеберліктерін толық көрсетуге мүмкіндік бермеді. Есеп 0:0. Әрине, қонақтар үшін жақсы нәтиже саналатын бұл көрсеткішке жергілікті жанкүйерлер аса қуана қойған жоқ.

Матч соңындағы баспасөз мәслихатында «Қайсардың» бас бапкері Стойчо Младенов екі команданың да ойынына қатты желдің кері әсері болғанын айтты.

- Мен команданың көш басындағы орнын сақтап тұрғанына қуаныштымын.  Біз бүгін жақсы ойнадық, әрине ұпай да жоғалттық. Бірақ, бәрі алда деп ойлаймын, - деді ол БАҚ өкілдері сауалына берген жауабында.

Қостанайлық команда бас бапкері Омари Тетрадзе де матч туралы пікірін білдірді.

- Тең ойын болуы заңдылық. Қос команда да барын салды. Турнир басында бекер тұрмағанын «Тобыл» да, «Қайсар» да дәлелдеді,-деді ол.  

Келесі турда «Қайсар» Шымкентте жергілікті «Ордабасымен» кездеседі. Сыр командасын қолдауға ниет білдірген жанкүйерлерге арнайы автобус ұйымдастырылмақ.  

12 сәуір күні (сәрсенбі) өтетін VI турда «Ордабасы» — «Қайсар», «Атырау» — «Шахтер», «Астана» — «Ақтөбе», «Ақжайық» — «Оқжетпес», «Ертіс» — «Тараз» және «Тобыл» — «Қайрат» командалары кездеседі.

    Бесінші турдағы қалған ойындар нәтижесі төмендегідей:

    «Шахтер» — «Қайрат» 1:4 (0:3)

    Голдар: Исаэль 12 (0:1), Гоу 17 (0:2), Гоу 19 (0:3), Гоу 65 (0:4), Аллегриа 81 (1:4).

    «Тараз» — «Ордабасы» 2:1 (2:1)

    Голдар: Мұхаметшин 16 (1:0), Төлебек 30 (1:1), Қожамберді 31 (2:1).

     «Атырау» — «Астана» 0:1 (0:0)

    Гол: Логвиненко 84.

    «Оқжетпес» — «Ертіс» 0:2 (0:0)

    Голдар: Фофана 57, Кислицын 65.

    «Ақтөбе» — «Ақжайық» 1:1 (0:1)

    Голдар: Сапанов 10 (0:1), Диас Морейра 87 (1:1).

 

 

ҚР ПРЕМЬЕР-ЛИГАСЫ  

Бесінші турдан кейінгі турнир кестесі

М

КОМАНДА

Ұ

Т

Ж

Д

Ұ

1

«ТОБЫЛ»

3

2

1

5 - 1

11

2

«ҚАЙСАР»

3

2

0

5 - 2

11

3

«ЕРТІС»

3

2

1

8 - 6

11

4

«Қайрат»

2

4

0

9 - 5

10

5

«Ордабасы»

3

1

2

8 - 5

10

6

«Астана»

3

1

1

7 - 6

10

7

«Ақтөбе»

1

2

2

4 - 4

5

8

«Ақжайық»

1

2

2

8 - 9

5

9

«Тараз»

1

2

2

3 - 4

5

10

«Оқжетпес»

1

1

3

4 - 7

4

11

«Шахтер»

0

1

4

3 - 10

1

12

«Атырау»

0

2

3

3 - 8

-7*

             

* «Атырау» командасынан 9 ұпай алынып тасталған 

БОМБАРДИР:  Жерар ГОУ        «Қайрат» - 5 гол

Фотогалерея
Сауалнама
Коммуналдық қызмет жұмысы сапасын қалай бағалайсыз?

 жақсы
 қанағаттанарлық
 жаман

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея
FOR PLAYER