Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 28 сәуір 2017 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 11.04.2017Қаралғаны: 43 рет
Қызылордалық дәрігерлер Елбасы бастамаларын толықтай қолдайды

Қызылордада «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалына қарасты №1 қалалық емхана базасында орналасқан «Орталық» бастауыш партия ұйымының мүшелері Елбасы Жолдауын қызу талқылады. Бастауыш партия ұйымының 4 партиялық тобында 260 партия мүшесі бар.

Шараға бастауыш ұйым мүшелерімен қатар, партияның қалалық  филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шәріп Әбдірахманов, ардагер Сағындық Шәмшиев, партия белсенділері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Жиналғандар Елбасы Жолдауы мен Ұлт жоспарын жүзеге асырудағы мақсат міндеттерді пысықтап, маңызды құжатағы әрбір тарауға жіті мән берді, өз пікірлерін ортаға салды.

« Шәріп Әбдірахманов еліміздің кешегі қалай тәуелсіздік алғанын, дамудың қай жолын таңдағанына тоқталды.

–Қазақстанның әрбір  жетістігінің бастауында Президент Нұрсұлтан Назарбаев тұр. Әлем Қазақстанды толеранттықтың эталоны деп таныды. Өйткені соңғы 10 жылда еліміз қатарынан бірнеше саяси реформалар жүргізіп, үлкен нәтижелерге жетіп отыр. Елбасының Қазақстан халқына жолдаған әрбір Жолдауы осы кезге дейін нәтижесіз қалмады. Президенттің биылғы Жолдауы да әрбір саланы толық қамтып, нақты қадамдарға жол бастап отыр, -деді Шәріп  Әбдірахманов.

№1 емхананың бас дәрігері, «Орталық» Бастауыш партия ұйымының жетекшісі Рахима Сералиева, Елбасының биылғы Жолдауындағы «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» жүйесіне тоқталды.

- Әлем мойындаған бұл жүйенің мемлекет пен жұмыс берушіге, ең бастысы – халық үшін тиімді тұстары көп. Сол себепті, тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Үшжақты жауаптылықты жүктейтін бұл жүйенің дәрігерлер үшін маңызды тұсы – әр адам өз денсаулығына жауаптылықпен қарайтындығы, - деп атап өтті бас дәрігер.

Партия ардегері Сағындық Шәмшиев Жолдаудағы Елбасы атап өткен елдегі дәрі-дәрмек бағасын тұрақтандырумен айналысатын атқарушы органдар жүйелі жұмыс жасау керектігін айтты.

Жиын соңында жиылғандар маңызды құжаттағы әрбір тарауды халық игілігі үшін жүзеге асыруда аянбай жұмыс істеуге дайын екендерін жеткізді.

Фотогалерея
Сауалнама
Коммуналдық қызмет жұмысы сапасын қалай бағалайсыз?

 жақсы
 қанағаттанарлық
 жаман

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея
FOR PLAYER