Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 28 сәуір 2017 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 10.04.2017Өзгертілді: 11.04.2017Қаралғаны: 147 рет
Тағайындау

 Нұрлан Мақсұтұлы, 1980 жылдың 17 маусымында Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында дүниеге келген. Жоғары білімді.

2003 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «инженер - эколог», 2007 жылы Солтүстік Қазақстан құқық академиясын «құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Тайыншы аудандық еңбек және әлеуметтік қорғау бөлімінің жетекші маманы ретінде бастаған.

2005-2006 жылдары Тайыншы аудандық еңбек және әлеуметтік қорғау бөлімінің бас маманы;

2006-2007 жылдары Петропавл қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментінің бас маманы;

2007-2009 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының бас маманы;

2009-2011 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы ауыл аумағы ісі жөніндегі комитетінің сарапшысы, бас сарапшысы;

2011-2013 жылдары ҚР Сауда және экономикалық даму министрлігі жанындағы өңірлерді дамыту комитетінің бас сарапшысы, басқарма басшысы;

2013-2014 жылдары ҚР Өңірлік даму министрлігі жанындағы ауыл және шекаралас аумақтағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту департаменті директорының орынбасары;

2014-2016 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігі жанындағы өңірлік саясат және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту департаменті директорының орынбасары;

2016 жылдан осы кезге дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігі жанындағы экономикалық инфрақұрылымды дамыту департаменті директорының орынбасары қызметін атқарған.

Отбасылы.

*****

2. Қызылорда облысы әкімінің 2017 жылдың 4 сәуіріндегі   №526 өкіміне сәйкес, қалалық жергілікті полиция қызметінің бастығы болып, Құдайбергенов Ермекбай Қасқырбайұлы тағайындалды.

Ермекбай Қасқырбайұлы, 1983 жылы 20 желтоқсанда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары.

2004 жылы Алматы Құқық және нарық академиясын «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын, 2006 жылы полиция батальонының полицейінен бастаған;

2007-2010 жылдары Қалалық ішкі істер бөлімінде учаскелік полиция инспекторының көмекшісі, учаскелік полиция инспекторы;

2010-2016 жылдары қалалық ішкі істер басқармасының қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің аға инспекторы, әкімшілік полиция бөлімінің аға инспекторы, бөлім бастығы;

2016 жылы қалалық жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары;

2016 жылдан бері қалалық ішкі істер басқармасы, Тасбөгет кенті бөлімі жергілікті полиция қызметінің бастығы.

Отбасылы, 2 қыз тәрбиелеп отыр.

*****

3. Қала әкімінің 2017 жылғы 6 сәуірдегі №408 өкімімен     Сейілов Медет Есдәулетұлы қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.

Медет Есдәулетұлы, 1982 жылы 7 қарашада Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Жоғары білімді.

2003 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Заңгер», 2013 жылы Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы 2003 жылы «БСК Астық» ЖШС заңгер ретінде бастаған.

2005-2008 жылдары Жаңақорған аудандық ішкі істер бөлімінде учаскелік полиция инспекторы, анықтаушы, анықтау бөлімінің басшысы;

2008-2011 жылдары Қызылорда облысының «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Жаңақорған аудандық бөлімінің басшысы;

2011-2014 жылдары Қызылорда облысының «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Шиелі аудандық бөлімінің басшысы;

2014 жылдан осы кезге дейін Қарауылтөбе ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған.

Отбасылы.

 

*****

4. Қала әкімінің 2017 жылғы 10 сәуірдегі №410 өкімімен Нұрсейітов Ақарыс Дүйсенбайұлы қала әкімінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.

Ақарыс Дүйсенбайұлы, 1982 жылы 30 шілдеде Қызылорда қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді.

2003 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Тарих, құқық және экономика пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын 2004 жылы «Астана Строй Сервис» ЖШС инженер ретінде бастаған.

2004-2006 жылдары №143 орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі;

2006-2012 жылдар аралығында «Бастау и К» ЖШС, «ЖанСтройСервис» ЖШС, «Бастау С» ЖШС түрлі басшылық лауазымдарды атқарған. 

2012 жылдан осы кезге дейін Ақсуат ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келді.

Отбасылы, 1 қыз тәрбиелеп отыр.

Фотогалерея
Сауалнама
Коммуналдық қызмет жұмысы сапасын қалай бағалайсыз?

 жақсы
 қанағаттанарлық
 жаман

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея
FOR PLAYER