Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 28 сәуір 2017 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 28.03.2017Қаралғаны: 74 рет
«Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобаларды» іріктеу бойынша іс-шараларды өткізу туралы ақпарат

1. Өңірлік деңгейде әлеуметтік жобаларды іріктеуді Комиссия ағымдағы жылдың 1 сәуірнен 31 мамырға дейінгі кезеңде жүргізеді.

 

2. Әлеуметтік жобалардың авторлары қызметі халықтың әлеуметтік осал топтарының, оның ішінде өмірлік қиын жағдайға тап болған мүмкіндіктері шектеулі адамдардың өмір сүру деңгейін көтеруге бағытталған қоғамдық бірлестіктер, мүгедектер ұйымдары, өзге де мекемелер және ведомстволар, жеке тұлғалар және басқа да үкіметтік емес ұйымдар бола алады (бұдан әрі- Қатысушылар).

 

3. Комиссия әлеуметтік жобаларды іріктеу үшін 5 балдық жүйе бойынша мынадай бағалау өлшемшарттарын айқындай алады:

 

- жобаның байқау мақсаты мен шарттарына сәйкес келуі: «Халықтың әлеуметтік осал топтарын қоса алғанда, азаматтарға медициналық, әлеуметтік, білім беру және басқа салаларда қолдау көрсету, сондай-ақ жұмыс орындарын ашу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу»;

 

- жобаның өзектілігі мен әлеуметтік маңыздылығы;

 

- жобаны сапалы жоспарлау (іс-шараларды жобаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес нақты іске асыру);

 

- жоба нәтижесінің қолжетімділігі;

 

-осыған ұқсас жобаларды іске асыру тәжірибесінің болуы (ағымдағы жобаны жалғастыру және  кеңейту);

 

- қосымша қаржыландыру көздерінің болуы (қайырмалдық, гранттар, қайырымдылық, әлеуметтік тапсырыс, өз қаражаты);

 

- аумақтық қамтуы ( жобаны масштабтау);

 

- өмірлік қиын жағдайға тап болған халықтың қамтылу үлесі;

 

- жобаның ұзақтығы (1 жылдан кем емес);

 

- жобаны іске асыруға еріктілерді тарту.

 

4. Көрмеге қатысуға ұсынылатын материалдарға қойылатын талаптар:

 

- ұсынылған құжаттарды, презентация материалдарын ресімдеудің сапасы;

 

- жобалардың слайдтар, роликтер түріндегі презентациялау ұзақтығы 3-5 минут болатын презентациялық материалдарын құрастыру;

 

- өткен жылғы республикалық Көрмеге ұсынылған жобалар қайталап қаралмайды.

 

5. Іріктеу турына қатысуға өтінім қосымшадағы нысан бойынша (№1 қосымша) өңірлік деңгейде өткізілетін іріктеу турының басталған уақытынан бастап ұсыныла алады.

 

6. Комиссия іріктеп алған жобалар материалдары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне республикалық Көрмеге жолданады.

 

7. Ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу кезінде туындаған барлық сұрақтар бойынша қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне, телефон 26-25-92 және gozsp@korda.gov.kz электрондық мекен –жайларына хабарласуларыңыз қажет.

 

«Қазақстанда іске

 

асырылатын үздік әлеуметтік

 

 жобаларды» іріктеу бойынша

 

іс-шараларды өткізу жөніндегі

 

әдістемелік ұсынымдарға

 

1-қосымша

 

Әлеуметтік жобаларды іріктеу бойынша іс- шараға қатысу үшін өтінім

 

1.

Әлеуметтік жобаның авторы

 

2.

Әлеуметтік жобаның атауы

 

3.

Жобалардың өңірлерде іске асырылған кезеңі

 

4.

Жобаның әлеуметтік маңыздылығы

 

5.

Қысқаша аннотациясы

 

6.

Жобамен қамтылған адамдар санаты және саны

 

7.

Қаржыландыру көздері

( мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, тартылған қаражат)

 

8.

Қол жеткізілген нәтижелер

(оңалтудан өткен, жұмысқа орналастырылған, қамтылғандардың және т.б. саны)

 

9.

Презентациялық материал (жобаның логотипі, слайдтар және  DVD форматтағы роликтер)

 

10.

Қосымша ақпарат (телефон, факс, e-mail және т.б.)

 

Фотогалерея
Сауалнама
Коммуналдық қызмет жұмысы сапасын қалай бағалайсыз?

 жақсы
 қанағаттанарлық
 жаман

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея
FOR PLAYER