Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 28 сәуір 2017 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 10.03.2017Қаралғаны: 717 рет
Хабарландыру !

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында       «ЖАО арқылы кредиттік тұрғын үй» бағыты бойынша  берілетін  Титов қыстағы, Қашаубаев көшесі және Жаппасбай батыр  көшесінен  салынған  үйлердің    2 (екі) және 3 (үш)  бөлмелі  пәтерлеріне    ЖАО-да (жергілікті атқарушы органда) кезекте тұрғандардан 2017 жылдың  13 наурызынан бастап  2017 жылдың 17 наурызы аралығында құжат қабылдау жүргізіледі:

 - Титов қыстағы, Қашаубаев көшесінде -50 пәтерге

 -Жаппасбай батыр көшесінде – 290 пәтерге.            

ЖАО арқылы кредиттік тұрғын үйге өтініш берушіге қойылатын талаптар:

1) Қазақстан Республикасының азаматтығы немесе оралман мәртебесі;

2) ҚТҚЖБ-ның ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен төлем қабілетін растау;

3) Бағдарламаға қатысушының және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің (жұбайының, кәмелеттік жасқа толмаған балаларының), сондай-ақ отбасы құрамына кіретін және өтініште көрсетілген өзге де отбасы мүшелерінің:

әрбір отбасы мүшесіне пайдалы алаңы 15 шаршы метрден кем болатын жатақханадағы бөлменің болуын;

тұрғын үйдің орналасқан жері бойынша ЖАО-ның тиісті анықтамасымен расталатын құлау (қирау) қаупі бар авариялық жағдайдағы балшықтан құйылған және қаңқалы-қамысты тұрғын үйді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында (ортақ бірлескен меншігі, осы тармақшада көрсетілген тұрғын үй бірлігі ретінде өзге отбасы мүшелерімен ортақ бірлескен (үлестік) меншігін құрайтын үлестік меншіктегі үлесі) жеке меншік үйінің немесе сатып алу мүмкіндігі бар жалға алынған тұрғын үйінің жоқтығы;

4) өтініші берушінің және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің (жұбайының (зайыбының), кәмелетке толмаған балаларының), сондай-ақ отбасы құрамына кіретін және өтініште көрсетілген отбасының басқа мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үйді ауыстыру немесе өзіне меншік құқығында тиесілі тұрғын үйді иеліктен шығару арқылы тұрғын үй жағдайларын әдейі нашарлатуы фактілерінің болмауы.

Үміткерлерден пәтердің белгілі бір түріне өтініш  пен мынадай құжаттарды тапсырады (өткізу тәсілі-кредиттік тұрғын үй) :

1) белгілі бір пәтер түріне арналған өтініш ;
2) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат;
3) өтініш берушіні және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерін тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мекенжай анықтамасы;
4) неке қию/некені бұзу, жұбайының/зайыбының қайтыс болуы, балалардың туу туралы куәліктері, өтініш берушінің некеде тұрмайтындығы туралы нотариат куәландырғанөтініш;
5) өтініш берушінің және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша меншік құқықығындағы үйінің немесе сатып алу мүмкіндігімен берілетін тұрғын үйінің бар немесе жоқ екені туралы анықтама;
6) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және оның техникалық сипаттамалары (балшықтан құйылған және қаңқалы-қамысты тұрғын үйдегі, жатақханадағы бөлмеде үлесі болған кезде) туралы анықтама, сондай-ақ аталған жағдайларда меншік құқығының туындауын растайтын құжаттар;
7) өтініш берушінің басқа адамдарын отбасы мүшелері ретінде тану туралы сотшешімі;
8) жалақы туралы анықтама;
9) кезектілік нөмірін немесе бірегей нөмірді көрсете отырып тұрғын үйге мұқтаж (Бағдарламаға қатысуға өтініш берген кезде) есебіне қою туралы мәліметтер;

10) ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 67-бабында айқындалған санаттарға өтініш берушінің қатысын растайтын құжаттар.

Үміткерлерден өтініштер мен құжаттар  қабылдау орны: М.Шоқай  көшесі,147 үйі, №1, 2 терезелер, сағ. 9-00-18-00- ге дейін, байл. тел. 24-80-97, 24-80-61, «Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ

Фотогалерея
Сауалнама
Коммуналдық қызмет жұмысы сапасын қалай бағалайсыз?

 жақсы
 қанағаттанарлық
 жаман

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея
FOR PLAYER