Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 28 сәуір 2017 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Енгізілді: 20.02.2017Өзгертілді: 20.02.2017Қаралғаны: 88 рет
Хабарландыру!

 

 

 

Қызылорда қалалық ауыл шаруашылығы бөлімі бойынша 

БҰЙРЫҚ

Қызылорда   қаласы                               № 03                         «17»  ақпан  2017 жыл

Ауыл шаруашылығы тауарын

өндірушілерінің     субсидиялар

алуға   арналған      өтінімдерді

қабылдау    мерзімдерін   бекіту

туралы

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің  2016 жылғы 5 мамырдағы №204 бұйрығына және «Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі №4-4/305 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы»  2016 жылғы 8 сәуірдегі №166 бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің субсидиялар алуға арналған өтінімдерді қабылдау мерзімдері осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бөлімнің сектор меңгерушісі Ж.Ажибековке жүктелсін.

 

            Бөлім басшысы                                                     Д. Таубай

 

Қызылорда қалалық ауыл шаруашылығы

 бөлімі басшысының

2017 жылғы «17» ақпандағы

№ 03 бұйрығына қосымша

Қаланың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен субсидиялар алуға арналған өтінімдерін ұсыну мерзімдері

Субсидиялау түрлері

Өтінімді ұсыну мерзімдерінің басталуы

Өтінімді ұсыну мерзімдерінің аяқталуы

1

Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау

26.06.

2017 жыл

10.11.

2017 жыл

2

Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау

25.05.

2017 жыл

11.10.

2017 жыл

 Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің  2016 жылғы 5 мамырдағы «Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» №204 және  2016 жылғы 8 сәуірдегі «Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі №4-4/305 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» №166 бұйрықтарымен бекітілген Қағидаларға сәйкес, Қызылорда қаласына қарасты ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері төмендегі тиісті құжаттарды көрсетілген мерзімдерінде тапсырулары қажет.

            Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне субсидиялар мынадай шарттар сақталған жағдайда беріледі:

 

1.     «Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидалары бойынша:

-  қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сатып алынған гербицидтерге субсидиялар алуға өтінім беру;

-  қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сатып алынған биоагенттерге (энтомофагтарға) және биопрепараттарға субсидиялар алуға өтінім беру;

-          ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіде тиісті алаңда жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің көшірмелерін;

-          Өтінім беруші заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесімен (жеке тұлға үшін-жеке басын куәландыратын құжаттың және дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмелерімен) тапсыру;

-  Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өткен жылдың   4-тоқсанында немесе ағымдағы жылы бірінші репродукциядан төмен емес тұқымды және (немесе) бірінші ұрпақтан төмен емес буындарды облыстың жергілікті атқарушы органы бекіткен тұқымдарды сатып алу (пайдалану) нормаларына сәйкес келетін көлемде сатып алуы (бар болуы) (осы тармақша бірегей тұқым өндірушілерге, элиталық тұқым шаруашылықтарына, тұқым өсіру шаруашылықтарына, ауыл шаруашылығы бейінді ғылыми-зерттеу ұйымдарына және көкөніс және бақша дақылдарын, көпжылдық астық тұқымдас және бұршақ тұқымдас шөптерді өңдеп өсіруге ӨҚҚ-ға субсидиялар алу үшін өтінім берген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге  қолданылмайды).

- Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің ауыл шаруашылығы егістіктерінің ауыл шаруашылығы өнімдерінің нақты түрлерін өндіру үшін ауыл шаруашылығы жерлерін оңтайлы пайдалану жөніндегі өңірлерді мамандандырудың ұсынылған сызбасына ағымдағы жылы толық сәйкестігі.

 

2.     «Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидалары бойынша:

1)     Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне.

-          осы қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толық құнымен сатып алынған тыңайтқыштар үшін субсидиялар алуға өтінім беру;

-          ауданның, облыстық маңызы бар қаланың ауыл шаруашылығы бөліміне қағаз түрінде немесе басқармасына не «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына жазбаша нысанда, не «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық түрде беру;

Бұл жағдайда субсидиялар тыңайтқыштарды өндірушіге төленеді.

2)     Өтінім берушіде жерді пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің болуы.

3)     Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы бекіткен тұқым сатып алу (пайдалану) нормаларына сәйкес көлемде өткен жылғы 4 (төртінші) тоқсанда немесе ағымдағы жылы бірінші көбейтілгеннен төмен емес тұқымдарды және (немесе) алғашқы буын будандарын сатып алуы (осы тармақша бірегей тұқым өндірушілерге, элиталық тұқым өсіруші шаруашылықтарға, тұқым өсіру шаруашылықтарға, ауыл шаруашылығы бейініндегі ғылыми-зерттеу ұйымдарына және көкөніс және бақша дақылдарын, көпжылдық астық тұқымдас және бұршақ тұқымдас шөптер өсірген кездегі тыңайтқыштарға субсидиялар алуға өтінім берген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге  қолданылмайды). 

«Қызылорда қалалық ауылшаруашылығы бөлімі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Мекен-жайы:

Қызылорда қаласы, Ы.Жақаев көшесі, №16 үй, 3-қабат,  №310 кабинет, индекс:120014, байланыс телефондары 26-35-16, факс 26-34-49

Фотогалерея
Сауалнама
Коммуналдық қызмет жұмысы сапасын қалай бағалайсыз?

 жақсы
 қанағаттанарлық
 жаман

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея
FOR PLAYER