Белкөл кенті
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 29 наурыз 2017 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Билік » Қызылорда қаласының әкімдігі » Кент және ауылдық округтер

Белкөл кенті

Почта индексі: 120007

Мекен-жайы:  Қызылорда қаласы, Белкөл кенті, Жаңа мөлтек ауданы  №13/4

Телефондары: +7 (7242) 26-83-35, факс: +7 (7242) 26-82-20

Сенім телефоны: +7 (7242) 26-82-20 

Электрондық почтасы: akimat_belkol@korda.gov.kz

 Бюджеттік бағдарламасы  Жүктеу...484 Кб

Белкөл кенті әкімі: Ибрагим Асхат Жорабекұлы 1982 жылы 11 мамырда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Ұлты – қазақ, білімі – жоғары.

1999 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Экономика факультетін, 2003 жылы экономист, 2003-2005 жылдары Қызылорда «Экология, экономика және құқық» академиялық университетін Құқықтану факультетінде Заңгер, 2005-2007 жылдар аралығында Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің Инженер-мұнайшы мамандықтары бойынша бітірген.

Алғашқы еңбек жолын 2003-2008 жылдары «Құмкөл технологиялық транспорт басқармасы» мекемесінде слесарь, таксировщик, жеңіл автокөліктер диспетчері, арнайы техникалардың диспетчері, бас механик қызметтерінде  атқарған.

2008-2009 жылдары Қызылорда қаласы әкімі аппаратында   «Энергетика және коммуналдық шаруашылықты дамыту» бөлімінің бастығы, 2009-2010 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің көмекшісі, 2010-2011 жылдары Қызылорда облыстық қаржы басқармасында әкімшілік бөлімінің бастығы, 2011-2013 жылдары Қармақшы ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметтерін атқарған.

2013-2014 жылдар аралығында «ЭкоТехСервис» ЖШС-нің директоры, 2014-2016 жылдар аралығында «Мұраптехсервис» ЖШС-нің директоры болып қызмет атқарған.

2016 жылдың 22 ақпанынан бастап Белкөл кентінің әкімі.

Жанұялы , 1 ұл тәрбиелеуде.

Мемлекеттік органның құрылу тарихы:

Облыстық атқару комитетінің 1987 жылғы желтоқсан айының 31 жұлдызындағы №621 карарымен бұрынғы Сырдария аудандық Жамбыл ауылдық кеңесіне қарасты Белкөл елдімекені «Белкөл қыстақтық кеңесі» болып құрылды.

Осы қарарда Белкөлдің Сырдария ауданынан 30 км қашықтықта орналасқандығы ескеріліп, Белкөл қыстақтық кеңесі Қызылорда қалалық атқару комитетінің әкімшілігінің қарамағына бекітілді.

Бұл қарар 1984 жылғы 15 ақпандағы Қазақ ССР жоғарғы кенесінің «Қазақ ССР-інде» әкімшіліктердің аймақтық орналасу тәртібі туралы» Жарлығын басшылыққа ала отырып шығарылды. Бұл шешім қалаға қарасты бірнеше мекеменің қыстақта орналасқандығына байланысты халықтың жан-жақты сұраныстарын қанағаттандыру барысында да орайын тапқан мәселе болды.

Алғашқыда  2 мың тұрғын жанұясы бар қыстақта құрылыс жұмысы қарқынды жүргізіліп халықтар саны өсумен келді. Қыстақтың жалпы көлемі-7,4 гектар жерді алып жатыр.

Халық депутаттары Белкөл қыстақтық кенесі атқару комитетінің алғашқы жергілікті сайлауы 1988 жылы 27 наурызда өткізілді. Сайлау Қазақ ССР-і заңдарының №54 бабына сәйкес өткізілді. Белкөл қыстақтық кеңесінің алғашқы мәжілісі 1988 жылғы 28-ші сәуірде өткізілді. Осы мәжілісте халық депуттатары Белкөл қыстақтық кеңесі атқару комитетінің мүшелері өзара міндетті жұмыстарын бөлісті, жұмыс жоспары бекітілді, тұрақты комиссиялар тағайындалды.

1988-1989 жылдарда қыстақтық кеңес шарықтап өсу барысында болды. Халықтын әлеуметтік жағдайын қанағаттандыру барысында 89 үйлік тұрғын үй жұмысы аяқталып, тұрғындарға кезекпен берілді. Орталықтандырылған жылу жүйесі, локомотивтік депо, ПОСТ-электр орталығы,2-бес қабатты 90 және 65 үйлік тұрғын үйлер, 280 орындық балалар балабақшасы салынып, халық игілігіне берілді.

1993 жылғы желтоқсанның 8-індегі Қазақстан Республикасы министрлер Кабинетінің №25-72-ХІІ қаулысын басшылыққа ала отырып Белкөл қыстақтық кеңесі атқару комитеті –Белкөл қыстақтық әкімшілігі болып қайта құрылды.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-11 Заңын басшылыққа алып және  Қазақстан Республикасының заңнамасына кейбір мемлекеттік мемлекеттік атауларын сәйкес келтіру мақсатында 2002 жылы 12 қарашада Қызылорда облысы әкімінің №529 шешіміне сәйкес «Белкөл қыстағының әкім аппараты» – «Белкөл кенті әкімінің аппараты» -деп өзгертілді. 

Құрылымы:    

Фамилиясы, аты-жөні

Лауазымы

Телефоны

Электрондық почтасы

1

Ибрагим Асхат Жорабекұлы

Әкім

40-03-27

akimat_belkol@korda.gov.kz

2

Сәду Жасұлан Хабидуллаұлы

Бас маман

26-83-35

akimat_belkol@korda.gov.kz

3

Оспанов Қанат Ерасылұлы

Бас маман

26-82-20

akimat_belkol@korda.gov.kz

4

Қуанышбаев Нұрлан Бақытбекұлы

Жетекші маман

26-82-20

akimat_belkol@korda.gov.kz

5

Абдуманова Жанерке Нуралиевна

Жетекші маман-есепші

26-82-20

akimat_belkol@korda.gov.kz

6

Байменов Нұрсұлтан Шаяхметұлы

Жетекші маман- заңгер

26-82-20

akimat_belkol@korda.gov.kz

7

Сейтмұратова Роза Парзуқызы 

Жетекші маман- салықшы

26-82-20

akimat_belkol@korda.gov.kz

Фотогалерея
Сауалнама
Коммуналдық қызмет жұмысы сапасын қалай бағалайсыз?

 жақсы
 қанағаттанарлық
 жаман

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея
FOR PLAYER