Тасбөгет кенті
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 13 қараша 2018 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Билік » Қызылорда қаласының әкімдігі » Кент және ауылдық округтер

Тасбөгет кенті

Пошта индексі: 120018

Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, З.Шүкіров №11

Телефон/факс: 8 (7242) 21-58-49

Сенім телефоны: 8 (7422) 21-69-30

Электрондық поштасы: akimat_tasboget@korda.gov.kz 

 Бюджеттік бағдарламасы  Жүктеу...78 Кб

 

 

Кент әкімі: Шамұратов Пахуатдин Сыражадинұлы

Шамұратов Пахуатдин Сыражадинұлы 1983 жылы 26 қаңтарда Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Сарыбұлақ елді-мекенінде дүниеге келді.

П. Шамұратов өз еңбек жолын 2007-2008 жж «Қазалы құрылыс» ЖШС-де геодезист маманы болып бастаған.

Сондай-ақ, 15.04.2008-15.05.2008 жж. «Жер KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде маман, 21.07.2008-15.05.2008 жж. Қызылорда облысының сәулет және қала құрылысы басқармасында бас маман, 16.08.2010-05.03.2011 жж. Қызылорда қалалық жер қатынастары бөлімі бастығының орынбасары және бөлім бастығының міндетін атқарушы, 05.03.2011-04.09.2012 жж. Қызылорда қалалық жер қатынастары бөлімі бастығы, 04.09.2012-20.04.2017 жж. Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.

2017 жылдың 29 сәуірінен бастап Қызылорда қаласы Тасбөгет кентінің әкімі қызметінде.

Өз еңбегінің нәтижесі ретінде бірнеше мәрте облыс, қала әкімінің алғыс хаттарымен, Қазақстан қала құрылысшылары одағының екі мәрте дипломымен марапатталған. 

 

Мемлекеттік органнның құрылу тарихы:

1947 жылы 29 тамызда арнайы қарар қабылданып, Республика Жоғарғы Кеңесіне «Қызылорда плотинострой» қыстағынан қала типтес жұмысшы поселкесін салуды, оны «Тасбөгет» деп атауды ұсынып, жаңадан салынатын поселке Қызылорда қалалық кеңесіне қарасты болды. Тасбөгет кеңесінің бірінші ұйымдастыру сессиясында Кеңестің төрағалығына Тасмағамбет Батыршаев сайланды. Бұдан кейін қыстақтық кеңес төрағалығы қызметін Қ.Байдаулетов, Т.Оспанов, С.Мұқанов, Е.Алдоңғаров, Ғ.Пірмановтар атқарды. Республика Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1958 жылғы 28 қаңтардағы жарлығымен Сырдария ауданының орталығы Тасбөгет қонысына көшірілді. Оған дейін аудан орталығы қазіргі Әйтеке би көшесіндегі №49 үйде болған, 1962-1967 жылдарда Тереңөзек ауданының құрамына еніп, 1967 жылы Сырдария ауданы қайта құрылғаннан кейін Тасбөгет қала типтес қонысқа айналды. Көшелері асфальттанып, жаңадан ондаған тұрғын үйлер бой көтерді. Екі орта мектеп, мәдениет үйі, кинотеатр, аудандық партия комитеті, орталық кітапхана, жылжымалы мехколоннаның әкімшілік мекен-жайы және т.б. көптеген құрылыстар іске қосылды. 1993 жылғы 20 желтоқсанға дейін Халық депутаттары Тасбөгет поселкелік Советі атқару комитеті, 1996 жылғы 9 сәуірге дейін Тасбөгет поселкелік әкімшілігі, 1997 жылдан бері Тасбөгет қыстағы әкімшілігі Қызылорда қаласына қарайды. Қазіргі таңда Тасбөгет кенті, «Сабалақ» саяжайы және «Иіркөл» елді мекендерінен тұрады. 2003 жылғы 21 сәуірден «Тасбөгет кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі,  2018 жылғы 11 сәуірден бастап «Қызылорда қаласының Тасбөгет кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып бекітілді. Биылғы 2018 жылы Тасбөгет кентінің құрылғанына 70 жыл толып отыр.

 

Құрылымы:

 

Қызметкердің

аты-жөні

Лауазымы

Тел.

Электрондық поштасы

1

Шамұратов Пакуатдин Сыражадинұлы

Әкім

21-69-30

akimat_tasboget@korda.gov.kz

2

Байхадамов Жапбасбай Сейітқалиұлы

Әкім орынбасары

21-58-49

zh.baikhadamov@korda.gov.kz

3

Қалыбеков Фазыл Төремұратұлы

Бас маман

70-04-53

akimat_tasboget@korda.gov.kz

4

Рахманқұлова Жаннұр Әуезханқызы

Бас маман

70-04-53

zh.rakhmankulova@korda.gov.kz

5

Смағұлов Тоқтар Төлегенұлы

Бас маман

29-03-04

akimat_tasboget@korda.gov.kz

6

Дәріқожаев Мұрат Орақбайұлы

Бас маман

70-11-14

akimat_tasboget@korda.gov.kz

7

Әшімов Бекет

Садықұлы

Жетекші маман

70-03-19

b.ashimov@korda.gov.kz

8

Сыздықова Айнұр Қазкенқызы

Жетекші маман

70-03-19

akimat_tasboget@korda.gov.kz

9

Төлегенова Ақтоты Көпбергенқызы

Жетекші маман

70-40-65

akimat_tasboget@korda.gov.kz

10

Қуанышбаева Диана Қуанышбайқызы

Жетекші маман

70-11-14

akimat_tasboget@korda.gov.kz

11

Сәрекеева Нұргүл Оспанқызы

Жетекші маман

70-40-65

akimat_tasboget@korda.gov.kz

Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін алуға кезектік тізімі:  Жүктеу...484 Кб

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея