Ақсуат ауылдық округі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 30 мамыр 2017 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Билік » Қызылорда қаласының әкімдігі » Кент және ауылдық округтер

Ақсуат ауылдық округі

Пошта индексі:120013

Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Ж. Маханбетов ауылы, О.Жакенов көшесі  № 22

Сенім телефоны: +7 (7242) 21-86-01

 Электрондық поштасы: akimat_aksuat@korda.gov.kz

 Бюджеттік бағдарламасы  Жүктеу...1090 Кб

Ауылдық округтің әкімі: Ақмырзаев Мәмбетәлі Сейтжаппарұлы

Ақмырзаев Мәмбетәлі Сейтжаппарұлы 1978 жылдың 13 қарашасында Қызылорда қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді. 

2004 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін "Экономист" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы Қылмыстық атқару жүйесі Комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының аға бақылаушысы ретінде бастаған.

2005-2010 жж. облыстық экономика және бюджепттік жоспарлау департаментінің жетекші маманы, бас маманы;

2010-2013 жж. - облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы;

2013-2016 жж. - облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бөлім басшысы;

2016-2017 жж. - Қызылорда облысы әкімі аппаратының бас инспекторы қызметін атқарған.

Мемлекеттік органның құрылу тарихы:

Ақсуат ауылдық округі  – негізі   1928  жылы  қаланған. Ауыл алғашқы ауыл шаруашылық артельдерін  ұжымдық шаруашылықтарды ұйымдастыруға қатысқан Жанбосынов Ешпанның атымен Ешпан ауылдық кеңесі  аталған. 1928-1932 жылдар аралығында құрылған майда серіктестіктер 1934 жылы төртінші ауылдық кеңесі бойынша Жасқайрат, Жаңатұрмыс, Киров, Қызылорақ, Қызылқұм, Қара Қожа, Батбаққара ұжымдық шаруашылықтары болып ұйымдасқан.

1938 жылы мамыр айында бұл 7 шаруашылық біріктіріліп, 3 шаруашылыққа (Жасқайрат, Жаңатұрмыс, Киров) айналды.

1950 жылы бұл үшеуі біріктіріліп іргелі шаруашылық Киров колхозы болып құрылды.

1972 жылы Киров колхозы көкөніс және сүт өндіретін совхозға айналды.

Кеңестер Одағы ыдырағаннан кейін 1992 жылдан бастап жекешелендіру кеңінен етек ала бастады. Совхоз Қаратабан, Жаңадария, Бесарық, Қырықбайтақ деп аталатын 4 ұжымдық кәсіпорындарға бөлінді. Олар бидай, күріш, көкөніс, жоңышқа егумен және мал шаруашылығымен айналысты.

1993 жылдың ақпан айында ХХІ шақырылған халық депутаттарының облыстық Кеңесінің ХІ сессиясының Қаулысымен Сырдария ауданы Киров ауылдық Кеңесі Ақсуат ауылдық Кеңесі болып аталды.

1994 жылдан бастап Киров совхозы Кеңестер Одағының батыры Жақыпбек Маханбетов ауылы болып аталды.

1997 жылы маусым айында Облыстық мәслихат және облыс әкімінің шешімімен Сырдария ауданы таратылып, Ақсуат ауылдық округі Қызылорда қаласына қарады.

Қызылорда қаласы әкімінің 2003 жылғы 28 шілдедегі №3052 санды шешімімен Ақсуат ауылдық округінің жер көлемі – 18230 гектар болып бекітілді.

Құрылымы:

 

Т.А.Ә

Лауазымы

Байланыс телефоны

эл. поштасы

1

 Ақмырзаев Мәмбетәлі Сейтжаппарұлы

Ауылдық округ әкімі

21-87-50

akimat_aksuat@korda.gov.kz

2

 

Садирбаев Нургали Муталапович

Ақсуат ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы

21-86-01

akimat_aksuat@korda.gov.kz

3

Пралиева Жадра Борамбаевна

Ақсуат ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы

21-86-71

akimat_aksuat@korda.gov.kz

4

Калыков Жаныбек  Калданович

Ақсуат ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы

21-86-01

akimat_aksuat@korda.gov.kz

5

Жаксылыкова Айгерим Мейрамбековна

Ақсуат ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы

21-86-01

akimat_aksuat@korda.gov.kz

6

Бакытов                 Нурболат Бакытович

 

Ақсуат ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы

21-86-01

akimat_aksuat@korda.gov.kz

7

Әбділатов Асылхан Нұрлыбекұлы

Ақсуат ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы

21-86-71

akimat_aksuat@korda.gov.kz

 
Ақсуат ауылдық округі бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін сұрап жазған азаматтардың өтініштерінің тіркелу кезегі    Жүктеу...224 Кб 
Фотогалерея
Сауалнама
Коммуналдық қызмет жұмысы сапасын қалай бағалайсыз?

 жақсы
 қанағаттанарлық
 жаман

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея
FOR PLAYER