Қызылөзек ауылдық округі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 24 ақпан 2017 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Билік » Қызылорда қаласының әкімдігі » Кент және ауылдық округтер

Қызылөзек ауылдық округі

Почта индексі: 120004 

Мекен-жайы:  Қызылорда қаласы, Қараөзек ауылы, Абылайхан көшесі №44 

Телефондары: тел    +7 (7242) 31-01-52, 31-00-65, факс:+7 (7242) 21-73-77 

Сенім телефоны: +7 (7242) 21-73-77 

Электрондық почтасы: akimat_kyzylozek@korda.gov.kz

  Бюджеттік бағдарламасы  Жүктеу...426 Кб

Ауылдық округ әкіміШыңтасов Жасұлан Қанибайұлы

Шыңтасов Жасұлан Қанибайұлы 1983 жылы 19 ақпанда Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген. Ұлты – қазақ, екі жоғары білімі бар.

1999-2003 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің «Тарих, құқық және экономика» пәндерінің мұғалімі мамандағын; 2010-2012 жылдары Т.Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университетінің «Экономика және бизнес мамандығы» бойынша экономика және бизнес бакалавры мамандығын игерген. 2015 жылдан бастап Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет және ауылшаруашылығы Академиясында «Әкімшілік басқару ісінің докторы» мамандығы бойынша білім алуда.

Еңбек жолын 2003-2005 жылдары Қазалы ауданындағы №249 мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған. 2003-2005 жылдары аралығында «Нұр Отан» ХДП-ның Қазалы аудандық «Жас Отан» жастар қанатының Төрағасы; 2005-2006 жылдары Қазалы ауданы әкімдігі, ішкі саясат бөлімінің бас маманы; 2006-2007 жылдары Қазалы ауданы әкімі аппаратының бас маманы; 2007-2008 жылдары Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасында «Саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар және діни бірлестіктермен жұмыс» бөлімінің басшысы қызметін атқарған. 2008-2009 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы филиалының кадрлық және құқықтық қамтамасыз ету консультанты; 2009-2010 жылдары Қызылорда облысы Мәдениет басқармасында басқарма басшысының орынбасары; 2010-2011 жылдары Қызылорда қаласы әкімі аппаратының басшысы, 2011-2013 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары; 2013 жылы Қызылорда облысы ішкі саясат басқарма басшысының орынбасары; 2013-2014 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының бас инспекторы; 2014-2015 жылдары Қызылорда облысы жұмылдыру жұмыстары және дағдарыс жағдайындағы шұғыл талдау орталығы мекемесінің басшысы; 2015-2016 жылдары «Самұрық-Қазына Фармация» ЖШС-да аппарат басшысы, басқарма Төрағасының Кеңесшісі қызметтерін атқарған.

Отбасылы, жұбайы екеуі 3 қыз 2 ұл тәрбиелеуде.

2017 жылдың 1 ақпанынан бастап Қызылөзек ауылдық округінің әкімі.

Мемлекеттік органның құрылу тарихы:

1926 жылы Қараөзек болыстығында 34 ауылдық Кеңес, 4 мыңдай шаруашылық, 25 мыңнан астам адам болды. Олар егін және мал шаруашылығымен айналысты. Осы өңірде 1928 жылы «Еңбекші» колхозы, 1932 жылы «Айнакөл», 1936 жылы «Жаңарық», «Қызылөзек», 1939 жылы «Көкпая» колхоздары ұйымдастырылды. Кейінірек бұл колхоздар 1950 жылы «Жаңарық», «Ақарық» колхоздарына қосылып, жаңадан құрылған ірі кеңшардың негізін қалады. 1962 жылдың 25 қаңтарында  Қазақстан Министрлер Советінің қаулысы бойынша өз алдына «Қараөзек» кеңшары болып отау тікті. Сол уақытта «Қызылөзек ауылдық кеңесі» құрылып, орталығы 1981 жылға дейін «Жаңа-арық» учаскесі, 1981 жылдан кейін «Қараөзек» кеңшары болды. Округ Қараөзек ауылы, Қараөзек станциясы және Айнакөл елді-мекендерінен тұрады.1962-66 жылдары Сырдария, 1966-1997 жылдары Тереңөзек ауданының  құрамына еніп, ал 1997 жылдан «Қызылөзек ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі» Қызылорда қаласына  қарайды.  

Құрылымы:

Фамилиясы, аты-жөні

Лауазымы

Телефоны

Электрондық почтасы

1

Шыңтасов Жасулан Қанибайұлы

Ауыл әкімі

+7(7242) 21-73-77

akimat_kyzylozek@korda.gov.kz

2

Буленов Кобланды Нурахметович

Бас маман

+7(7242) 21-73-77

akimat_kyzylozek@korda.gov.kz

3

Алмағанбетов Бауыржан Жақсылықұлы

Бас маман

+7(7242) 31-01-52

akimat_kyzylozek@korda.gov.kz

4

Арингазиева Карлыгаш Мадешовна

Жетекші маман

+7(7242) 31-01-52

akimat_kyzylozek@korda.gov.kz

5

Джургенбаева Марал Арыстанбековна

Жетекші маман

+7(7242) 21-73-77

akimat_kyzylozek@korda.gov.kz

6

Тажмаханов Бекнұр Тажмаханұлы

Жетекші маман

+7(7242) 31-00-65

akimat_kyzylozek@korda.gov.kz

7

Алмаганбетова Индира Жаксылыковна

Жетекші маман

+7(7242) 21-73-77

akimat_kyzylozek@korda.gov.kz

 

 Қызылөзек ауылдық округі, Қараөзек ауылы бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін сұрап жазған азаматтардың өтініштерінің тіркелу кезегі Жүктеу...170 Кб.    

Фотогалерея
Сауалнама
Коммуналдық қызмет жұмысы сапасын қалай бағалайсыз?

 жақсы
 қанағаттанарлық
 жаман

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея
FOR PLAYER