Қалалық қаржы бөлімі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 23 қыркүйек 2018 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Билік » Қызылорда қаласының әкімдігі » Қалалық бөлімдер

Қалалық қаржы бөлімі

Пошта индексі:120014

Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Ы. Жакаев  №16

Телефон/факс: +7 (7242) 27-73-62

Сенім телефоны: +7 (7242) 26-19-28

Электрондық поштасы: gof@korda.gov.kz

 Бюджеттік бағдарламасы  Жүктеу...344 Кб

Бөлім басшысы: Айменов Сейтмахан Нуралиевич

Айменов Сейтмахан Нуралиевич 1959 жылдың 14 қарашасында Қызылорда облысы Шиелі ауданында Шиелі қыстағында дүниеге келген.

1987 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын «Қаржы және несие» мамандығы бойынша  бітірген. 

Еңбек жолын 1977 жылдың тамыз айынан бастаған, 1983 жылға дейін Жаңақорған ауданының ПМК-34 мекемесінде жұмысшы;

1987 жылдың тамыз айынан бастап  Қызылорда қалалық қаржы бөлімінде бақылаушы- тексеруші, аға салық инспектор-тексерушісі;

1990 жылдың маусым айынан 1993 жылдың сәуіріне дейін Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік салық инспекциясында кооперативтер мен қоғамдық ұйымдарға салық салу бөлімінің бас мемлекеттік салық инспекторы, 1996 жылдың 19 наурызына дейін кооперативтерге салық салу бөлімнің бастығы;          

1996-1997 жылдары Қызылорда қаласы бойынша Салық бөлімінде жанама салықтар бөлімінің бастығы,

1997-1999 жылдарды Қызылорда қаласы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары,

1999- 2018 жылдар аралығында  Қызылорда облысы бойынша Салық департаментінде аудит бөлімінің,  арнаулы салық режимдері бөлімінің,  ұйымдастырушылық басқармасының, құқықтық қамтамасыз ету және өндіріп алу басқармасының,  акциздер басқармасының, еріксіз өндіріп алу басқармасының, салықтық қызмет көрсетулер сапасын бақылау басқармасының, арнаулы салық режимдерін әкімшілендіру, тіркелмеген салық төлеушілерді анықтау және мобильді топ басқармасының, Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасы акциздерді әкімшілендіру басқармасы үшінші елдердің және кеден одағының импортын әкімшілендіру бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.

2018 жылдың 4 сәуірінен бастап Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметіне тағайындалды.

2009 жылы «Қызылорда облысына 70 жыл» мерекелік медалімен,  2011 жылы «ҚР  қаржы  саласына 90 жыл» төсбелгісімен, 2013 жылы «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған. 

Жанұялы, 2 қыз, 1 ұл, 2 немере  тәрбиелеп отыр.

Мемлекеттік органның құрылу тарихы:

Қалалық қаржы бөлімі Қызылорда облысының мемлекеттік мұрағатының дерегі бойынша 1938 жылдың 1 наурызында құрылған. Бастығы Юн-Ин-Дин болған. Қызметкерлердің штат саны-24, жылдық жалақы қоры 88250 сомды құрады.

1948-58 жылдары қаржы бөлімінің меңгерушісі қызметін Теслер Надежда Лазаревна атқарды.

1958 жылдан бастап қаржы бөлімінің бастығы болып Цой Н.Д. тағайындалды. Н.Д.Цойдың «1961 жылға  арналған қалалық бюджеттің жобасын және 1960 жылы бюджеттің орындалуы туралы» баяндамасында төмендегі фактілер баяндалған:

-1960 жылдың 1 қазанынан 500 сомға дейінгі айлық жалақы алатын жұмысшылар мен қызметкерлерден салық ұстау тоқтатылды.

-500 ден 600 сомға дейінгі айлықтан салық ұстау мөлшерлері 40 пайызға азайтылды.

1960-1970 жылдары қаралған қаржының көп бөлігі тұрғын үй және коммуналдық құрылыс жұмыстарына жұмсалды, әкімшілік басқару органдарының шығындары қатаң бақылауда болды, әкімшілік басқару органдарының басшылары штаттық кестені және шығын жоспарын өздері жасап, бекітті.

1980-1990 жылдары Одақтық республикалардың таралып қайта құрылуы қаржы саласына да әсерін тигізді. Бюджеттің кіріс бөлігі өндірістік мекемелердің жабылуына байланысты қысқартылды. Бұл уақытта, яғни халық айлық жалақыны айлап алмаған, тамақ өнімдеріне және басқа да қажетті заттарға карточкалық жүйе енгізілген кезде қалалық қаржы бөлімін Ковешникова Нелли Николаевна басқарды. 

1990-жылдары көптеген өзгерістер болды. 1991 жылы Қазақстан өзінің егемендігін алып, 1993 жылдан 1996 жылға дейін қалалық қаржы бөлімін Есмаханов Мырзатай басқарды.

1993 жылдың 15 қарашасында ұлттық валютамыз  - теңге енгізіліп, 1961-1992 жылдардағы банкноттар ауыстырылды.

1996 жылдың 8 қазанынан 1999 жылдың 31 наурыз ай аралығында Қызылорда арнайы экономикалық аймақ статусын алды. Ол жылдары барлық жеке және заңды тұлғалардың салық төлемдері қалалық бюджетке түсті. 1999 жылдың 1 сәуірінде «Бюджеттік жүйе туралы» ҚР Заңы бекітілді.

1997 жылдың мамыр айынан 2004 жылдың маусым айына дейін қалалық қаржы бөлімін Беркінбаева Нұргүл Жұманазарқызы;

2004 жылдың маусым айынан 2006 жылдың наурыз айына дейін Ергешбаев Мұрат Нәлхожаұлы;

2006 жылдың наурыз айынан 2008 жылдың 15 қаңтарына дейін Әбуова Мирамкүл Рақымжанқызы;

2008 жылдың 25 наурызынан бастап 2009 жылдың 4 ақпанына дейін Исмаилов Аймырза Жорабекұлы басқарды.

2009 жылдың 10 наурызынан қалалық қаржы бөлімін Жұматов Айдарбек Әжібекұлы басқарады. 

2011 жылдың 20 қыркүйегіндегі қала әкімдігінің  «Жергілікті мемлекеттік басқарудың кейбір мәселелері туралы» №1968 Қаулысымен атқарушы органның құрылымы мен қызметкерлердің штаттық санының лимиті қайта бекітілді.

Қала әкімдігінің Қаулысы негізінде «Қалалық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қызылорда облысы бойынша Әділет департаментінде мына мекен жай бойынша 2005 жылдың 28 қаңтарында қайта тіркеуден өтті: Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 44.

Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы Күәлік №591-1933 –ММ.  Алғашқы тіркелген уақыты: 1994жыл.

Құрылымы: 

Тегі , аты-жөні

Лауазымы

Телефон

электрондық поштасы

1

Айменов Сейтмахан Нұрәліұлы

Бөлім басшысы

27-32-69

s.aimenov@korda.gov.kz

2

Калтаева Акмарал Ануарбековна

Бөлім басшысының орынбасары

26-17-77

a.kaltaeva@korda.gov.kz

3

Бодыкова Лаззат Сағындыковна

Есеп және бюджеттің атқарылуы секторының меңгерушісі

26-19-28

l.bodykova@korda.gov.kz

4

Байжанова Гульнур Куанышбековна

Бас маман

30-20-83

g.baizhanova@korda.gov.kz

5

Самуратова Алия Икласовна

Мониторинг жүргізу және қаржы жоспарының атқарылуына талдау жасау секторының меңгерушісі

26-45-44

a.samuratova@korda.gov.kz

6

Сайлыгараева Жамал Маханбетжановна

Бас маман

26-45-44

zh.sailygaraeva@korda.gov.kz

7

Кадыркулова Айжан Тлеубергеновна

Коммуналдық меншікті басқару секторының меңгерушісі

27-67-60

a.kadyrkulova@korda.gov.kz

8

Дүйсенова Актолқын Болатбековна

Бас маман

26-28-44

a.duisenova@korda.gov.kz

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея