Аппарат басшысы
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 18 қаңтар 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Билік » Қызылорда қаласының әкімдігі

Аппарат басшысы

Енгізілді: 28.02.2014Өзгертілді: 18.01.2019

 

Бөлім басшысы: Қазбекова (Баймаханова) Мира Жомартқызы

 

Қазбекова (Баймаханова) Мира Жомартқызы, 1984 жылғы 7 қарашада Қызылорда облысы Қазалы ауданында туған.

1991-2001 жылдары Қызылорда қаласы №1, 1 Май атындағы орта мектебінде оқыған.

2001-2005 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Филология» факультетінің  «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2005 жылғы тамызда «Мемлекеттік қызметшілерді және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау  және олардың біліктілігін  арттыру орталығы» облыстық баспасөз клубының маманы болып бастаған.

2005 - 2006 жылдары  - «Қала әкімі аппаратының» жетекші маманы - баспасөз хатшысы;

2006 -  2007 жылдары -  Облыстық ішкі саясат департаментінің ақпараттық саясат және БАҚ-тар мониторингі  бөлімінің  жетекші маманы;

2007 жылы облыс әкімі аппаратының бас маманы – баспасөз хатшысы; 2007 жылғы қазаннан облыс әкімі аппаратының әлеуметтік-саяси бөлімінің бас маманы;

2008 жылы қала әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмыстары бөлімінің бас маманы;

2008 жылы қарашадан қала әкімінің баспасөз хатшысы-бас инспектор;

2009 жылы қала әкімі аппаратының әлеуметтік-саяси бөлімінің бастығы;

2010 жылы қала әкімі орынбасарының көмекшісі – бас инспектор;

2011-2017 жылдары - Қызылорда облыстық мәдениет, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы басшысының орынбасары лауазымдарын атқарған;

2017 жылғы 8 қыркүйектен 2019 жылғы 16 қаңтарына дейін Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымын атқарған.

2019 жылғы 17 қаңтарынан бастап Қызылорда қаласы әкімдігінің аппарат басшысы лауазымын атқаруда.

2012 жылдан бері тұрмыста. Жолдасы – Казбеков Галымжан Айдарбекович, 1977 ж.т. Отбасында үш бала тәрбиелеуде. 

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея